Перейти к содержимому страницы.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭССЕ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

28.12.2018

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру аясында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Саясаттану және әлеуметтану кафедрасының ұйымдастыруымен «Мен – қазақстандықпын!» атты әлеуметтік – саяси мәселелер бойынша университет және колледж студенттері арасында республикалық эссе конкурсы ұйымдастырылды. Бұл конкурстың мақсаты – қазақстандық білім алушылардың сыни ойлауын және заманауи әлеуметтік-саяси түсінуі арқылы саналарының жаңаруына ықпал ету. Конкурс 7 бағыт бойынша өткізіліп, 2 кезеңнен тұрды. Алғашында жіберілген жұмыстар іріктеу кезеңінен өтті. Іріктеуден өткен жұмыстар жүлделі орындарға таласты. Нәтижесінде «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығынң 4 курс студенттері: Ермекова Айсұлу және Расол Венера жүлделі орындарға ие болды. Отбасы және гендер бағыты бойынша Қазақстандық отбасындағы «ұят» феномені тақырыбында эссе жазған  Ермекова Айсулу ІІ жүлделі орын иеленді.

Экономика және кәсіпкерлік бағыты бойынша «Сыбайлас жемқорлық: феномен бе әлде норма ма?» тақырыбында эссе жазған Расол Венера ІІІ жүлделі орынға ие болды.

Студенттерді дайындап, бағыт-бағдар берген ғылыми жетекшісі филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сарыбаева Баян Жұмашқызына алғысымызды білдіреміз.

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу кафедрасы

">