Перейти к содержимому страницы.

РЕСЕЙ- ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

22.05.2019

2019 жылдың 20-21 мамыр күндері Қостанай қаласында Ресей-Қазақстан Жастарының Форумы өтті

Іс-шараға Ресей мен Қазақстанның мыңнан астам белсенділері мен қоғамдық ұйымдарының басшылары жиналды.

Форумның салтанатты ашылуы "Волонтерлік – әлемдік тренд"атты пленарлық пікірталаспен жалғасты.

Іс-шара әлеуметтік, медициналық және корпоративтік еріктілер бойынша тақырыптық секциялармен жалғасын тапты.

Сондай-ақ, жастар "ECO-challenge Costanai"бірлескен эко-акциясы аясында Тобыл өзенінің жағалауын тазалады.

Форумға біздің университетіміздің белсенділері - Уахит Абай, Рахым Асылхан, Газизова Айжан, Жумабай Перизат, Оспанов Тимур қатысты.

Іс-шара соңында алда келе жатқан 2020 жыл-«Волонтерлар жылы» болып бекітілді

ҚҰСМАНОВА Мадина Шалқарқызы

Жастар саясаты департаменті маманы

">