Перейти к содержимому страницы.

ПМПУ ДАУЫСЫ - 2018

02.11.2018

Биылғы «ПМПУ дауысы-2018» байқауына іріктелген 12 үміткер қатысты. Университетішілік өнер сайысын Жастар комитеті (КДМ) мен студентік филармония бірлесе өткізді.

Шараға «Ахмад» спорт клубы, «Чайковский» кофеханасы, Айнұр Кабельдинованың сұлулық салоны, «Дресс код» бутигі, «GYMKZ» спорттық дүкені сияқты 15-ке жуық ұйым демеушілік етті. Жастар саясаты департаментінің директоры Еркебұлан Күнтуған, студенттік филармония маманы Ләззат Құтанова, «Чайковский» кофеханасының директоры Дәуір Мұқанов, сондай-ақ, Шыңғыс Амангелдинов, Айнұр Кабельдинова әділ қазылар мүшесін құрады. 

Сайысқа қатысушылар байқауға қатысуда жақсы дайындықтарын да көрсетті. ИА-32 тобының студенті Ғазизова Айжан вокалмен 4 жастан бастап айналысады екен. Музыкалық мектепті Щучинск қаласында тәмамдаған. Өзінің қалаған мамандығын игеру үшін Павлодар қаласына келгендігін айтады Айжан. Сондай-ақ байқауға қатысушылар ПМПУ еріктілерімен бірлесіп Шақат ауылындағы балалар үйіне барып қайтты. 

Биылғы байқау сыны тек әуезді әнмен ғана емес, жалынды бимен де көрікті болды. Көрермендер биші жастардың ырғақты да үйлесімді билеріне қарық болды. Сайыстың үшінші орынына Бәти Досұлан ие болды. Мұрат Мадина екінші орынды иеленсе, Темірболат Әсем 1-орынға қол жеткізді. Ал 2018 жылдың ПМПУ дауысы болып Болакбаева Аяна танылды.  Конкурстың бас жүлде иегеріне ақшалай қаражатпен қатар, дыбыс жазу студиясында үш синглды тегін жазу мүмкіндігі сыйланды.

 

">