Перейти к содержимому страницы.

ПМПУ-ДА «ADAL SHOP» ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ

06.12.2018

Бұл дүкеннің әлеуметтік маңызынан тәрбиелік маңызы басым. Сауда орны сатушысыз жұмыс істейді. Сондықтан барлық жауапкершілік сатып алушылардың мойнында. Ұстаздар мен студенттер керек заттарды өздері алып, төлемақыны арнайы қорапта қалдырады. Осылайша адамдар қоғам алдындағы жаупкершілікті сезінуге дағдыланады. Игі бастаманың ұйымдастырушысы Саят Жүсіпбаев негізгі мақсат – адалдық мәдениетін қалыптастыру, оған қолайлы жағдай жасау екенін айтты.

Дүкеннің ашылуына қатысқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басқрама басшысы Назымбек Бекжанов: - Сіздер болашақ мұғалімдерді, ұстаздарды дайындайсыздар. Ұстаздар ерең ауылдарда, қалаларда шәкірт тәрбиелейді. Олар оқушыларға білім мен қатар тәрбие де беруі керек. Міне, осы жерден көрген осындай бастамаларды олар әрмен қарай жалғап, жалпы қоғамға адалдықты насихаттайтын болады, - деп бұл бастаманың адамдар арасындағы адалдықты қалыптастырудағы жақсы қадам екендігін атап өтті.

 - Бұл жоба басқалары сияқты бір күндік болмауы тиіс, - деді жоба жетекшісі, ПМПУ проректоры Қайрат Текжанов. – Бізде ғимарат жетерлік. Кәсіпкерлерге тегін алаң ұсынуымыздың нәтижесінде олар біздің сөрелерімізге арзан тауар әкеледі. Оның үстіне сатушы ұстап шығынданбайды. Бұл студенттеріміз үшін ең пайдалы дүние емес пе? Жақын уақытта басқа да өндірушілермен келісім шарт жасап, ассортиментті көбейтпек деген ойдамыз, - деді.

 

">