Перейти к содержимому страницы.

ПМПУ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВОКАЛДЫҚ ӨНЕР САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

04.02.2019

2019 жылдың 2 ақпанында елордамыз Астана қаласында халықаралық вокалдық өнер сайысы өтті. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің музыкалық білім беру кафедрасының студенттері асқан шеберлік танытты, көпшілік арасынан топ жарып, бірінші орын иегері атанды.

Байқау аясында сайысушы командаларға арналған көптеген іс-шаралар мен кездесулер ұйымдастырылды. Қатысушылар Мәскеуден келген қонақ – хор дирижерінің шеберлік сабақтарына қатысты. Кездесу барысында олар хор орындау туралы қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар студенттер балалар хореографиялық топтарының, хорлардың, әншілердің және вокалистердің қойылымдарын тамашалады. Артынша сан түрлі ғылым саласының қызықты экспонаттары қойылған жаңа Оқушылар сарайына экскурсия жасап, сурет көрмесінде де болып қайтты. Қорыта айтқанда, павлодарлық өнерпаздар үшін бұл сапар сәтті болып, Ертіс-Баян еліне олжалы оралды.

 Қасымхан МҰХИТОВ, ПМПУ Баспасөз қызметі

">