Перейти к содержимому страницы.

ПМПУ ҰЖЫМЫ «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП АЛДЫ

08.11.2018

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі елдің әлеуметтік тұрмысының, әл-ауқатының артуына зор мүмкіндік сыйлайды деп күтілуде. Бастамалардың ішінде халықтың қызығушылығын аса тудырған бағдарламалардың бірі «7-20-25». Бұл халықты баспанамен қамтуға арналған тиімді тұрғын үй жобаларының бірі. Алайда үндеу жыл басында шыққанымен, алғашқы нәтижесі енді көріне бастады. Павлодар қаласы бойынша әзірге 4 үй ғана бой көтерген.

7 қазан күні ПМПУ ұжымы бұл бағдарламаны іске асыру жолында жұмыстарын жасап жатқан «Baiterek Development» АҚ және «ЦентрКредит» банкі өкілдерімен кездесу өткізді. Шара барысында бағдарламаны іске асыру жүйесі туралы кеңінен сөз болды. ПМПУ ұжымының қызметкерлері өкілдерге көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, көптеген ақпараттар алды.

Асылжан ЖЕНІС, Видеостудия директоры 

">