Перейти к содержимому страницы.

ПМПУ ҰСТАЗДАРЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

29.11.2018

Педагогика кафедрасының оқытушылары Нұрымов Бауыржан Абылайұлы, Тәженова Гүлнар Батырбайқызы және Нұрышева Айжан Бауыржанқызы 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарымыен, сондай-ақ, №5 қалалық мектебінің мұғалімдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында жиналғандарға ПМПУ-да оқытылатын мамандықтар жайлы видеоматериалдар көрсетілді.     

Оқытушылар 10-11 сынып оқушылары мен ата-аналарға тестті дұрыс тапсыру жөніндегі ақпарат жазылған буклеттер таратылып, біздің оқу орнына құжатты қалай тапсыру керектігі жөнінде кеңінен айтты.

Гульнара Тәженова біздің университетіміздің педагогикалық мамандықтарын алудың артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралы әңгімеледі. Бауыржан Нұрымов біздің еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындары туралы айта келіп, ПМПУ-дың даму тарихымен таныстырды. Педагогика кафедрасының оқытушылары біздің университетіміздегі қабылдау жұмысы және білім алуына қатысты ата-аналар мен оқушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

 

 

">