Перейти к содержимому страницы.

ПАВЛОДАРЛЫҚТАР ТҮРКИЯ ЖЕРІНДЕ ЕСТАЙДЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫН ТОЙЛАУДА

06.12.2018

ПМПУ ректоры Алтынбек Нухұлы бастаған павлодарлық делегация Түркия жерінде Естай Беркімбаевтың 150 жылдық мерейтойын тойлауда. Әйгілі ақын, композитордың мерейтойы Түркі халықтары мәдениетінің «Түріксой» ұйымының қолдауымен желтоқсан айының 6-сы мен 10-ы аралығында Стамбул және Анкара қалаларында өтеді.

– «Түріксой» ұйымы Түркі халықтарының рухани бірлігін арттыру мақсатында құрылған,- деп атап өтті Алтынбек Нухұлы. Бұл мақсатта аталмыш ұйым көптеген мәдени шараларды ұйымдастыруда. Солардың бірі – әйгілі жерлесіміз Естай ақынның 150 жылдығы Түркия жерінде өтуде. Шара барысында Естай жайлы фильмдер мен зерттеу еңбектері таныстырылады. Ақын шығармашылығына арналған конференция мен жиындар болады деп күтілуде.  

Делегация құрамында Ертіс-Баян өңірінің зиялы қауым өкілдері мен ақынның ұрпақтары да бар. Биыл композитордың 150 жылдық мерейтойы еліміздің түкпір-түкпірінде тойланып, әйгілі әншілердің қатысуымен концерттер ұйымдастырылды.

 

">