Перейти к содержимому страницы.

ПАВЛОДАР МЕН ЖЕЗҚАЗҒАН: СТУДЕНТТЕРДІҢ АКАДАМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҒЫ

04.02.2019

Мектепке дейінгі білім беру кафедрасының профессоры Д.Ж. Сәкенов  О. А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің студенттері, 5В010100 «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» мамандығы бойынша білім алып, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша «Мектепке дейінгі жастағы балаларды қоршаған әлеммен таныстыру әдістемесі» пәнін игеріп жатқан Ерзат Жанбота мен Дүйсенбай Нұршатпен академиялық мәселелер бойынша кеңес өткізді. Нормативті ережеге сәйкес, академиялық ұтқырлық (academic mobility) – бұл білім алушылардың немесе зерттеуші-оқытушылардың оқу немесе зерттеу жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге (оқу немесе өндірістік тәжірибеден өтуді қоса), семестр немесе оқу жылына басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) ауысуы, мұндай жағдайда меңгерілген білім беру бағдарламасы кредиттер түрінде өз жоғары оқу орнында қайта есептеледі. 

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысатын студенттердің көпшілігі күнделікті өмірде, сондай-ақ академиялық қызметте қиындықтарға тап болады. О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің студенттері Ерзат Жанбота мен Дүйсенбай Нұршат Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің академиялық жағдайына ойдағыдай бейімделіп, академиялық қызметпен айналысуда. Жезқазған университетінің мобильді студенттері ПМПУ-дағы жоғары санаттағы оқу деңгейін, студенттік үйде тұрудың  ыңғайлы тұрмыстық жағдайларын және Павлодар қаласының әсемдігін атап өтті.

Мектепке дейінгі блім беру кафедрасы

 

 

">