Перейти к содержимому страницы.

Павлодар қаласында Майра ескерткіші ашылды

17.07.2018

Павлодарда Усолка шағын ауданында облыстық әкімшіліктің қолдауымен танымал әнші, әрі композитор Майра Шамсутдинованың ескерткіші ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатында қала тұрғындары мен арнайы шақырылған қонақтар болды.

Биіктігі 3,5 метрден асатын монументтің авторы – қазақстандық белгілі мүсінші Азат Баярлин. Майра Шамсутдинованың мұрасын қайта жаңғыртуға Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті де өз үлесін қосты. Әйгілі әнші туралы бейнефильм түсіріліп, қоғамға ұсынылды.

Монументтің ашылу салтанатына Павлодар қаласының құрметті азаматы Қуат Есімханов қатысып, демеушілік көмек көрсетті.

«Атаулы жәдігер алаңға ерекше көрік беретіні рас», – дейді қоғамдық кеңес төрағасы Александр Рюмкин. Павлодар қаласындағы Майра Шамсутдинова көшесі осы Усолка шағын ауданы бойынша өтеді.

 Ескерткішке қарама-қарсы Майра Уәлиқызының билборды орнатылды.

Осындай ескерткіштің ашылуы – өңіріміздің бұлбұл әншісінің есімін қайта жаңғыртты. Майра Шамсутдинова қазақ елінің өнері мен мәдениетіне айтулы үлес қосып, өшпес із қалдырған адам. Ғажайып дауысымен халықтың назарын баураған Майра жерлесіміз сөз жоқ, халықтың сүйікті әншісі болып халық жадында қала бермек.

 

 

">