Перейти к содержимому страницы.

ОБЛЫСТЫҢ ҮЗДІК СПОРТШЫЛАРЫ МЕН БАПКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

03.01.2019

27 желтоқсан күні жыл қорытындысы бойынша облыс деңгейінде 90-ға жуық спортшылар мен бапкерлердің жетістіктері еленіп, марапатталды. Марапаттауға облыстық әрі республикалық деңгейде танылып, атын шығарған спортшылар, сол үздіктерді баптаған бапкерлер қатысып, облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды. Облыс басшысы Болат Бақауов әрі қарай да аймақта спорттың дамуына ықпал жасайтындығына сенім білдірді.

ПМПУ-дың Денешынықтыру және спорт кафедрасының профессоры Кольев Виктор Тихонович жыл сайынғы марапаттау рәсіміне қатысты. Көп жылдар бойы құрметті бапкердің оқушылары жеңіл атлетикадан Қазақстан құрама командасының санатында сайыстарда жоғары деңгейлерін көрсетуде.  В.Т.Кольевтың студенттерінің жетістіктері мамандық және университет рейтингісіне әсер етеді.


">