Перейти к содержимому страницы.

ОБЛЫСТАН ТОП ЖАРДЫ

11.02.2019

9-10 ақпан аралығында «Баянтау» спорт кешенінде, 20 жасқа дейінгі бозбалалар арасында самбодан облыстық біріншілік өткізілді. Жарысқа облыстың ең үздік деген спортшылары боз кілем алаңында шеберліктерін көрсетіп, бақтарын сынасты.

Жарыс республикалық біріншілікке іріктеу және спорттық шеберлікті жетілдіру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Оған ПМПУ студенттері белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

52 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды Макгозов Ирен (КИЛ-11) жеңіп алды. 68 келіге дейінгі орташа салмақта үшінші орын Саленбаба Салиге (ФКС-11) бұйырды. Жартылай ауыр салмақ 82 келі салмақ дәрежесінде Еркебай Әкімжан да (ИПФ-31) үшінші орынды иеленді. Ал қыздар арасындағы бәсекеде Хуанқызы Ләззат (ТТ-13) көзге түсіп, екінші орынды команданың жеңіс қоржынына сыйлады.  

Боз кілем алаңында толағай табыстарға жетіп жүрген ПМПУ құрамасын  тағы бір  жеңістерімен құттықтаймыз! Сондай-ақ облыстық, республикалық біріншіліктерде жүлделерге қол жеткізіп жүрген білікті спортшылардың бапкері Темірболатов Қайрат Баязитұлына алғыс білдіреміз.

Қасымхан МҰХИТОВ, ПМПУ Баспасөз қызметі

 

 

">