Перейти к содержимому страницы.

НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

07.12.2018

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсаны күні гуманитарлық факультеттің оқытушы-профессорлық құрамы, бітіруші топ басшылары мен студенттері назарына жоғары білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық актілеріне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар таныстырылды.   

Жоғары оқу орнында мамандар даярлау бойынша білім беру мазмұны, талап-ережелері мен қағидаттарын түсіндіруге арналған семинарға 30-дан аса қатысушы жиналды. Білім берудің типтік ережелеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды факультет деканының ғылыми-зерттеу жұмысы және халықаралық байланыс жөніндегі орынбасары Меруерт Қайырова түсіндіріп баяндады. Спикер презентациялық материал негізінде нормативтік-құқықтық актілердің жоғары мектепте оқу үдерісін ұйымдастыру, бакалавр, магистратура мен докторантураға оқуға қабылдау талаптары, түлектерді жұмыспен қамту бөлімдерін жан-жақты таныстырды. Сонымен қатар семинар жүргізушісі бұрынғы және соңғы редакцияда жарық көрген нормативтік-құқықтық актілерді салыстыра отырып, оқытушылар мен студенттердің баса назар аудару қажетті баптар мен тарауларын талдап түсіндірді.

 

  

Семинарға қатысушылар нормативтік-құқықтық актілердің баптары, тараулары мен бөлімдеріне қатысты әртүрлі сұрақтарға жауап алып, өзара пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.    

Ақылбек САТЫБАЛДИН, Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы 

">