Перейти к содержимому страницы.

МЕНІҢ ТУЫМ – МЕНІҢ ОТАНЫМ

13.11.2019

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде «Менің Туым - менің Отаным» акциясын қолдау шарасы өтті. Акция "Nur Otan" партиясының бастамасымен мемлекетіміздің басты нышандарын ұлықтау, жастардың елге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ел бойынша іске асуда. Патриоттық акция 13-қазан күні Алматыда Қазақстан Ұлттық баскетбол федерациясымен басталған еді.

tu koteru2

Салтанатты шараға ПМПУ оқытушылары мен студенттері, "Nur Otan" партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко, Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Бақыт Бексейітова, «Сұлтанбет сұлтан» қоғамдық қорының директоры Жұмабек Қамзин, Павлодар облысының құрметті азаматы Әбілқақ Түгелбаев қатысты. Шара барсында "Nur Otan" партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко мен ПМПУ ректоры, профессор Алтынбек Нухұлы салтанатты ту көтеру рәсімін өткізген соң студенттерді құттықтап сөз сөйледі:

tu koteru6

Алтынек НУХҰЛЫ, ПМПУ ректоры, профессор:

Құрметті студенттер, мемлекеттік рәміздер - бұл еліміздің байлығы мен бірлігін бейнелейтін маңызды атрибуттар. Біздің туда ұлттың өз құндылықтары мен рухы шифрлаған.

Илья ТЕРЕНЧЕНКО, "Nur Otan" партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Біздің туымызды басқа елдерде  Димаш Құдайбергенов, Геннадий Головкин сияқты танымал жұлдыздарымыз желбіреткенде, кеудемізді мақтаныш сезімі билейді. Сондықтан біз өз Отанымызда ұлттық рәміздерімізге үлкен құрметпен қарауымыз керек. Сіздердің бүгінгі патриоттық акцияға қатысқандарыңызға алғысым шексіз, өйткені сіздер, болашақ мұғалімдер, болашақта  балаларымызға патриоттық тәрбие бересіздер.

 

tu koteru2

Шара соңы ПМПУ студенттеріне Ертіс-Баян өңірінің тарихи тұлғалары атындағы стипендияны табыстау рәсімімен жалғасты.

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенті Айгерім Оразбек Рафиқа Нұртазина атындағы, алғашқы әскери дайындық мамандығының студенті Сабира Ермағамбетова - ақын композитор Естай Беркімбаев атындағы, ПМПУ колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенті Назира Махмет көрнекті ұстаз Мұсахан Қанапьянов атындағы, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының студенті Синура Амирамза, ағартушы ғалым Әбікей Сәтбаев атындағы, химия мамандығының студенті Ғаламат Жаңабек ағартушы, мемлекет қайраткері Мұса Шорманұлы атындағы стипендия иегері атанды.

tu koteru3

tu koteru4

tu koteru5

 

 

">