Перейти к содержимому страницы.

Мектеп кітапханашыларының әдістемелік аптасы

25.06.2018

Мектеп кітапханашыларының әдістемелік аптасы

Е.Бекмаханов атындағы ПМПУ-дың ғылыми кітапханасы Павлодар облысының мектеп кітапханашылары үшін әдістемелік семинар өткізді.

Әдістемелік аптаның мақсаты – мектеп кітапханасының қызметкерлеріне кәсіби білімнің жаңартылуына нақты практикалық көмек көрсету.

Семинар іс-шарасының тақырыбы «Мектеп кітапханасының жұмысындағы қазіргі заманғы аспектілер» төңірегінде өрбіді.

Әдістемелік семинардың бағдарламасы «Мектеп кітапханалары арқылы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды», кітапханалық қызмет саласындағы теориялық жетістіктерді, мектеп кітапханаларының заманауи әдістемелерін, университеттің ғылыми кітапханасының жаңа әдістемелік әзірлемелерін қамтиды.

Мектеп кітапханашылары университет кітапханасының жұмысымен танысып, тәжірибелік кеңестер алды және №40, № 37 мектептерінің кітапханаларында экскурсия өткізді. Семинардың қорытындысы бойынша студенттерге қысқа мерзімді біліктілікті арттыру сертификаты табысталып, мектеп кітапханасының тәжірибесі туралы материалдар: әдістемелік әзірлемелер мен презентациялар берілді.

 

 

">