Перейти к содержимому страницы.

МАТЕМАТИКАДАН ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

19.04.2019

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде математикадан 11-республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиаданың ашылу салтанатына ПМПУ-дың академиялық мәселер жөніндегі проректоры Игнатева Елена қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жалпы, олимпиадаға еліміздің 7 жоғарғы оқу орынан командалар қатысты. Жан-жақты баппен, үлкен дайындықпен келген жүйріктер екі кезең бойынша сынға түсіп, бақтарын сынады. Жарыс қортындысы бойынша командалық есепте үшінші орынды Ақтөбе мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, Қарағанды мемлкеттік университеті иеленді. Атырау мемлекеттік университеті мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті екінші орын иеленсе, Сүлеймен Демирел университеті бірінші орынға иелік етті.

Ал жекелей сында үшінші орынды Сейітмәлік Дарын иеленді, екінші орынды Қайыржан Берікбол, ал бірінші орынды Аманжол Жігеров иеленді. Сондай ақ олимпиадашы студентердің ұстаздары да марапатттарға ие болды.

Жанасыл СЕРІКБОЛ

Қоғаммен байланыс жөніндегі департамент

">