Перейти к содержимому страницы.

Кітапхана тарихы

 

Кітапхана 1962 жылы Павлодар педагогикалық институтының құрылымдық бөлімшесі ретінде ашылды. Кітапхананы ашу бойынша жұмысын Елизовета Романовна Черникова басқарды. Инвентарлық кітаптағы алғашқы жазу 1962 жылғы 9 қарашада жазылды, бұл «Орысша-немісше сөздік» еді, ал айдың аяғында № 1 инвентарлық кітап аяқталды, кітапхана қорында 5 мың кітап болды.

1963 жылы институтқа Торайғыров көшесінен жаңа ғимарат берілді, мұнда екінші қабатта, үлкен аудиторияда абонемент және оқу залы орналасты.              

Кітапқана қорын жинақтау белсенді жүргізілді. Көмекке Кеңес Одағының жетекші жоғары оқу орнындары келді, жас оқу орнына әйгілі ғалымдар, жоо оқытушылары, оқырмандар өздерінің кітаптарын сыйға тартты. Кітаптар М.Ломоносов атындағы ММУ-дан және Ленинград университетінен, ҚазМУ мен Қазақстан мемлекеттік қыздар педагогикалық институтынан, Чуваш және Ивановск педагогикалық институттарынан, Харьков және Комсомольск – на Амуре, Махачкала және Омбы, Уфа, Тамбов, Киев, Красноярск, Рязань, Минск, Калинин қалаларынан түсті.

1964 жылдың сәуірінен бастап 4 қызметкер жұмыс істеді: Е.Р. Черникова, Л.Ф.Гусева, Г.В.Кромм, В.Т.Белошапкина. Кітапхана қоры 14 мың данаға дейін өсті.

1967-68 оқу жылында кітапхана штатына библиограф бірлігі енгізілді. Бұл Г.В.Кромм болды. Галина Васильевна библиограф ретіндегі жұмысының бірінші күнінен бастап бірінші курс студенттерімен кітапханалық сабақтарды өткізуге, оқу үдерісіне көмекке библиографиялық құралдарды насихаттауға кірісті. Оның жүйелі мақсаткерлік жұмысының арқасында кітапханалық-библиографиялық білім (КББ) негіздері бойынша сабақтарды алдымен филология факультетінің, содан кейін екі факультеттің (1972ж.) сабақ кестелеріне енгізе бастады, ал 1975 жылдан бастап КББ оқу курсы барлық факультеттерде міндетті түрде жүргізілді.

1973 жылдың жазында кітапхана Мир көшесіндегі биология-химия факультетінің ғимаратына көшірілді. Мұнда екінші қабатта абонемент, оқу залы орналасты, ал негізгі кітап қоймасына орын үй астындағы жайдан бөлінді. Кітаптар абонементке оқырмандардың тапсырыстары бойынша қоймадан лифт арқылы көтерілді. Сол кезде кітапханада 8 адам жұмыс істеді. Кітапхана меңгерушісінің, жинақтаушының және библиографтың жұмыс орындары абонементте және оқу залында стеллаждармен қоршалды. 

1974 жылдың маусым айында кітапхананы В.Т.Белошапкина басқарды. Басшылықтың ауысуына бірінші директор Е.Р.Черникованың зейнеткерлікке кетуіне себеп болды. Жаңа басшы кітапхананың бірінші кезекті міндетін анықтамалық аппаратты жетілдіруді – қызметтіктерді редакциялау және оқырман каталогтарын жасауды белгіледі. Жаңа оқу жылына оқырмандарға каталогтар қойылды.

1975 жылы кітапхана мәселелерін шешу белсенділік танытқан кітапханалық кеңесі құрылды. 18 жыл бойы кітапхана кеңесінің тұрақты төрағасы орыс тілі кафедрасының доценті Л.К.Бурцева болды. Кеңес кітапхананың материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмектесті, кітапханашылардың барлық мәдени бастамаларын қолдады.

1976 жылдан бастап педагогикалық институттың кітапханасы Павлодар қаласы педагогикалық училищесінің  кітапханасына әдістемелік көмек көрсетуді бастады. Сол жылдағы басқа жаңалық көпданалы оқу әдебиеттердің инвентарсыз есептеуін енгізу болды, бұл жаңа әдебиеттерді өңдеудің мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік берді. Оқу залында оқырмандарға қоғамдық-саяси әдебиеттерге ашық қол жеткізуі ұйымдастырылды. КАА (кітапханааралық абонемент) арқылы оқырмандардың тапсырыстары бойынша Кеңес Одағының 31 кітапханасынан әдебиеттер қабылданды.

Жетпісінші жылдары кітапхана қызметкерлері студенттер үшін бірқатар көпшілік іс-шараларын өткізуге және ұйымдастыруға көп күш жұмсалды. Кітапхана тәжірибесінде оқырмандар конференциялары, пікірталастар, ауызша жұрналдар, әдеби кештер сияқты жұмыс нысандары орнықты. Жыл сайын 12-15 ірі іс-шара өткізілді, 70-80-ден кітап көрмесі ресімделді.

1979 жылы ҚазКСР Білім министрлігінің шешімімен кітапхана IV санатқа көшірілді, бұл жоғары оқу орны кітапханасының құрамындағы дербес жинақтау және өңдеу, анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету бөлімдерін ерекше көрсетуге, кітапхана штатын кеңейтуге мүмкіндік берді. Бұл оқырмандарға қызмет көрсетуді түбегейлі жақсартты. Оқу үдерісін тиімді ақпараттандыруды қамтамасыз ету мақсатында рейтерлік карталарда кітаппен қамтамасыз ету картотекасы құрастырылды. Перфокарталарда мерзімді басылымдарды  есепке алу картотекасы жүргізіле бастады. Кітап оқуды басшылыққа алу бойынша жұмысты жүйелендіру үшін бірінші курстың барлық топтары кызмет көрсетудің нақты қызметкерлеріне бекітілді. Сол жылдары енгізілген бірінші курс студенттеріне қызмет көрсетудің  топтық әдісі жаңа оқырмандарды жедел жазуға және топтар бойынша оқулықтардың жинақтарын ұйымдасқан түрде беруге мүмкіндік берді.  

1981 жылы қордың өсуіне байланысты бөлмелерді қайта жаңғырту жүргізілді, нәтижесінде кітап қоймасына алаңдар қосылды, жаңа бөлімдер үшін жеке бөлмелер, кітапхана басшысына шағын болса да жеке кабинет тиді. Жаңа стеллаждар мен каталогтық шкафтар сатып алынды. Кітапхана бірден жайлы да ыңғайлы бола қалды. Енді кітапханада 15 адам жұмыс істеді.

1983 жылы институт кітапханашылары Павлодар қаласындағы алғашқылардың қатарында әдебиеттердің жаңа жіктелуін – КБК-ны енгізуге кірісті. КБК зерделеу және жұмыс кестелерін әзірлеу Т.О.Омуралиеваның басышылығымен сабақтарда жүргізілді. Барлық жаңа әдебиетті КБК бойынша топтастыру, сонымен қатар ескі қорды бұрын болған топтастыруда қалдыру шешімі қабылданды (Амбарцумян кестелері).

Сексенінші жылдар оқырмандарға жеке және топтық ақпараттандыру әдістемесін меңгеру кезі болды. АТТ (ақпаратты таңдаулы тарату) және БДҚ (басышылыққа дифференциалдық қызмет көрсету) жүйесі жасалды. Барлық кафедраларда қоғамдық негізде өз кафедрасының ағымды ақпараттануын қамтамасыз ететін, жұмысты кітапханамен үйлестіру мәселелерін шешетін оқытушы-хабарламашылар жұмыс істеді. 1982 жылдың сәуір айында «Кафедрадағы ақпараттық жұмыс» атты әдістемелік семинар өткізілді. Үздік ақпараттандырушылар С. Тарасова, М.М. Орынтаева, О.Е. Коновальчук және Р.М. Комаровалар болды. Бұл жылдары библиографтар қордың жаңалықтары туралы жедел хабарландыру мақсатында кафедраларға жіберумен жаңа кітаптардың ақпараттық бюллетеньдерін шығара бастады, үнемі хабарлама күндері мен жаңа кітаптардың ашық байқауларын өткізді. Студенттер мен оқытушылардың назарына оқу үдерісіне байланысты өзекті тақырыптама бойынша әдебиеттердің ұсынбалы тізімдері ұсынылды. Оқу үдерісіне көмек көрсету үшін тақырыптық картотекалар жүргізілді.

Жұмыстағы барлық жаңалықтар құрамына ең тәжірибелі қызметкерлер кіретін кітапхананың әдістемелік кеңесінің бастамасы мен шешімі бойынша жасалды. Әдістемелік кеңес жаңа әдістемелерді енгізуді ұйымдастырды, барлық кітапханалық үдерістер үшін ұйымдастыру-нормативтік құжаттарды әзірледі. Барлық бөлімдерде әдістемелік шешімдердің картотекалары жасалды, бұл қызметкерлерді ауыстыру кезінде сабақтастық пен технологияның бірлігін қамтамасыз етті. 1986 жылы ҚазКСР ағарту министрлігінің шешімі бойынша кітапхана штатына әдіскердің мөлшерлемесі енгізілді, бұл орынға В.Т.Белошапкина тұрды. Кітапхананың жаңа меңгерушісі В.Ф.Гаврилюк болды.

1986 жылдың қазан айында кітапхана алғаш рет қоғамдық мамандар факультетінде (ҚМФ) «қоғамшыл-кітапханашы» мамандығы бойынша сабақтар ұйымдастырды.   Сол жылы кітапхана қызметкерлері облыстық әмбебап кітапханасы ұйымдастырған қалалық кітапханашы күнінің концертінде өздерін  сәтті көрсетті.

1988 жылы кітапханалық кеңесті химия кафедрасының доценті Л.М.Сиромаха басқарды. 1990 жылы оқу үдерісінің кезеңдік әдіске көшуіне байланысты кітапхана түгелдей қызмет көрсету жүйесін басқаша құрды, оқу топтарына әдебиеттерді іріктеудің принциптерін өзгертті.

Тоқсаныншы жылдар кітапханаға үлкен сын кезеңі болды. 1991 жыл ұжым мүшелерінің аттестаттаудан өтуінен басталды. Кітапхана штатында 28 адам жұмыс істеді. Кітапхана қорында 367867 дана кітап болды, жыл бойында                13045 жаңа кітап түсті. Кітапхана қызметін бірыңғай оқырман билетімен                4425 оқырман пайдаланды, нақты кітапхана қызмет көрсеткен оқырмандар саны 9 мыңнан астам болды. Жылына қітапхананы пайдаланушылар саны 115240-қа,  кітап беру көлемі 352537 данаға жетті.

1991 жылы кітапханаға әдіскер мәртебесінде Валентина Федеровна Сувоврова келді. Кітапханалық білім негіздері бойынша оқу сабақтары өзінің дамуының жалғасын тапты. КБЖ бойынша практикалық сабақтарды тиімді өткізу үшін оқу каталогтары жасалды (6 мың карточка жүйеліде және 5 мың карточка әліпбилік каталогта).

1990 жылдардағы экономикалық реформалар, 1991 жылғы бағалардың өсуі жинақталымның деңгейін төмендетті, 1992 жылы кітапханаға жаңа кітаптар бұрыңғыдан аздау түсті. Оқу үдерісіне жаңа пәндерді енгізуге, дәстүрлі қоғамдық пәндер мазмұнының өзгеруіне байланысты оқу үдерісін кітаппен қамтамасыз ету қажеттігі кенет артты. 1990 жылдардың ортасы баршаға «оңтайландыру» кезі ретінде есте қалды. 1994 жылы №4 жатақханадағы қоғамдық-саяси әдебиеттердің оқу залы жабылды, 1995 жылы кітапхана штаты 5 мөлшерлемеге қысқартылды, ал  1996 жылы кітапхана өзінің дербестігін жоғалтты. 1996 жылы Павлодар педагогикалық институтының таратылуына байланысты педагогикалық кадрларды даярлау С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне берілді, ал  педагогикалық институттың кітапханасы ПМУ ғылыми кітапханасының филиалы болды. Бірақ бұл мүлдем басқа әңгіме.     

Университет кітапханасының құрылымындағы жұмыс жылдары оңай болған жоқ. Факультеттер мен кафедраларды университеттің бас оқу ғимаратына көшіргенге байланысты  бағдарлы оқу қорының жартысы ПМУ ҒК негізгі кітап қоймасының қорына берілді. Кітапхана штаты мен жаңа әдебиеттердің түсімі де кенет қысқартылды. Бірақ бұл қиын кезең осы шығындармен ғана есте қалған жоқ. 1997 жылы жаңа мерзімді басылымдар залы ашылды, 1998 жылы «Сорос-Қазақстан» қорының гранты бойынша кітапханаға бірінші компьютер мен интернет қорларына тегін қол жеткізу табыс етілді, 1999 жылы кітапханашылар «Кітапхана 4.0» бағдарламасының базасында электронды каталогты жасауға кірісті, 2001 жылы кітапхана құрылымында медиатека пайда болды.

Жылдар бойы кітапхана ұжымы ғылыми-педагогикалық ұжыммен серіктес, құрметтеу дәстүрін сақтап келді.

Кітапхананың тарихы өз өмірін кітапхана мамандығына арнаған еңбеккер-кітапханашылармен үздіксіз байланысты. Институтта Е.Р Черникованы, В.Т. Белошапкинаны, Г.М. Вергизованы, «Қазақстан Республикасы білім беру үздіктері» - В.Ф. Гаврилюк, А.Г. Волобоеваны, Т.О. Омуралиеваны, В.Н. Гусарларды үлкен құрметпен еске алуда. Осы адамдардың еңбегімен ПМПИ ғылыми кітапханасы кәсіби табысының негізі қаланды.

2004 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына дербестікті қайтару кітапханаға жаңа даму көкжиектерін ашты. Кітапхананың қайта даму үдерісін Ахмет Байтұрсыновтың медалімен марапатталған директоры В.Ф.Суворова басқарды. Қысқа уақыт ішінде кітапханада қызметкерлердің жұмыс орындары компьютерленді, жооның жергілікті желісі арқылы  кітапхананың электронды іздестіру жүйесіне тұтынушыларға қол жеткізу қамтамасыз етілді, студенттер мен оқытушылар арасында кітапхананың интернет-залы аса танымал болды. 2004 жылдың сәуір айынан бастап білім беру және ғылыми қорлардың, электронды журналдардың, дәстүрлі кітаптар мен мерзімді басылымдардың электронды көшірмелерінің жүйелендірілген жинағы болып табылатын электронды кітапхана қалыптаса бастады.

Жылдан жылға ғылыми кітапхананың ақпараттық қорлары өсе берді, жаңа жұмыс нысандары енгізілді, кітапхана ұжымының кәсіби байланыстары нығая түсті. Ғылыми кітапхананың динамикалық дамуы жаңа дамыған Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының даму стратегиясы мен құндылығын көрсетті.

Ғылыми кітапхана бүгін – педагогика, психология, өнер, жаратылыстану және басқа да ғылымдар бойынша Ертістің Павлодар өңіріндегі педагогика саласының ірі жоолық кітапханасы.

Кітапхана Қазақстан және Ресей кітапханаларымен ынтымақтастықта. 2010 жылдан бастап ҚР жоо қауымдастығымен ынтымақтастық шеңберінде ПМПИ бірыңғай Республикалық жооаралық электронды кітапхананың (РЖЭК) құру мен пайдалануға қатысады.

2011 жылдан бастап кітапхана ҒТАҒО АҚ лицензияланған келісім базасында (e-Library.kz) Бірыңғай электронды кітапхананы жасауға қатысады. Ұлттық лицензия шеңберінде Thomson Reuters және Springer, Elsevier толық мәтінді дерекқорларға қол жеткізу берілді. 2012 жылдан бастап ғылыми кітапхана Қазақстанның педагогикалық кітапханалары арасында республикамыздың жоо кітапханалары қауымдастығының мүшесі бірінші болды. 

Cонымен қатар, ИнЕУ кітапханасымен, С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханамен, республикалық ғылыми-техникалық кітапхананың Павлодар филиалымен келісім-шарттар жасалды. Ғылыми зерттеулер үшін беделді дерекқорлардың қорларына арналған вебинарлар мен онлайн-семинарларға жоо ұжымын қатыстыруды ұйымдастыру дәстүрге айналды. Кітапхананың тұтынушыларына шетелдік қорлардың базалық және кеңейтілген мүмкіндіктері бойынша семинарлар қол жетімді.

Кітапхана оқу үдерісі мен ғылыми зерттеулерге ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Қорда 500 мың данадан тұрады. Жыл сайынғы түсім – 13-15 мың дана жаңа басылым. Жылда кітапхана жоо бағдары бойынша газет пен журналдардың 211 атауына, сонымен қатар Қазақстанның барлық педагогикалық журналдарына жазылуды рәсімдейді.  Жооның арнайы бөлімдерінің оқу үдерісін қамтамасыз ету үшін әлемнің 7 көшбасшы жоолары пайдаланатын шетелдік оқулықтарға өтінімдер қалыптастырылады, оның ішінде:

- физика, математика, биология және бастапқыдан кеңейтілген деңгейге дейін ағылшын тілін үйрену мамандықтары бойынша ағылшын тілінде оқитын студенттерге арналған Кембридж университетінің басылымдары;

- жетекші қазақстандық университеттер мен педагогикалық институттардың жаңа оқу басылымдары;

- сапалы оқу үдерісіне қажетті ресейлік басылымдар.

Сонымен қатар, ҚР жоо қауымдастығынан кітапхана базалық оқулықтарды алады.

Оқырмандар саны – 6 мыңнан астам адам. Жылда кітапханаға 100-ден астам тұтынушы келеді. ПМПИ ғылыми кітапханасының қызмет көрсету жүйесіне 1 абонемент, 4 оқу залы және электронды қорлар залы кіреді.

2014 жылдың ақпан айында Торайғыров көшесі, №58 ғимаратта 26 компьютермен, заманауи проектормен, телевизор және сканермен жабдықталған А.С.Катеринин атындағы білім беру ақпараттық қорлар залы ашылды.  Барлық залдарда интернетке шығуы бар сандық қызмет көрсетудің медиа-зоналар жұмыс істеуде. Құжаттарды электронды жеткізу қызметі және виртуалды анықтамалық қызмет жұмыс жасауда.

Ebsco, Интегрум және басқа жетекші ғылыми әлемдік және ұлттық электронды ақпараттық қорларға қол жеткізу қамтамасыз етілген электронды қорлар залы ерекше танымалдыққа ие.

Тұтынушылардың жоо электронды кітапханасынан («ПМПИ сандық топтамасы» ДҚ – 10000 жазу) ақпарат алуға, CD-ROM және DVD-ROM электронды басылымдармен жұмыс істеу мүмкіндігі бар.

Интернет желісінің жоғары шапшаңды өткізгішсіз қол жеткізу технологиясы енгізілді  (WI-FI). Оқу залдарында 400-ге дейін оқырман жұмыс істей алады.

Кітапхананың анықтамалық-іздестіру аппараты жооішілік желіде және жоо сайты (www.ppi.kz) арқылы қол жетімді дәстүрлі каталогтармен (жүйелі, әліпбилік) ИРБИС-64 электронды каталогымен (176 мың жазуға жуық) ұсынылған. Кітапхана жоо сайтында жеке бетте ұсынылған.

Ғылыми кітапхана білім беру ғана емес, сонымен қатар тәрбие қызметін де атқарады, болашақ педагогтердің  негізін қалаушы құндылықтарын дамыту мен қалыптастыруға үлкен әсер етеді.

2012 жылы институттың 50-жылдығына орай ғылыми кітапхана ұлттық тарихтың зерттеушісі Ермұхан Бекмахановтың атын иеленді. Бұл ұлы ғалым-тарихшының есімін есте мәңгі сақтауға, оның рухани мұрасын сақтауға мүмкіндік береді.

Жастар арасында кітап оқуды насихаттау үшін ғылыми кітапхана BOOKCROSSING атты бүкіләлемдік қозғалыстың қатысушысы болды. Бұл кеңісітік пен уақыттың шегін жоятын халықаралық кітап клубы. Жылда кітапхана республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясына қатысады. Төртінші оқу жылы «ПМПИ студенттері балаларға кітап оқиды» атты волонтерлік қозғалыстың жұмысын жалғастыруда. Төртінші мәрте ғылыми кітапхананың бастамасы бойынша «Кітап. Уақыт.Қоғам» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі (2015).

Кітапхана педагогикалық және мектеп білім беруі саласында ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік жұмысты жүргізеді. Оның базасында 2005 жылдан бастап Павлодар облысы мектеп кітапханаларын әдістемелік қолдау қоғамдық орталығы қызмет етуде.

Кітапханада ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін ақпаратқа қол жеткізудің инновациялық моделі қалыптасты. Барлық залдарда бағыттар бойынша ресурстық орталықтар шоғырланған. Мысалы, жатақханадағы оқу залында студент-музыканттарға электронды тасымалдаушылардағы музыкалық топтама жинастырылған. Мұнда әр студент өздігінше және педагогпен топ болып жұмыс істей алады. Басқа залда шет тілдерін үйренетіндерге арналған әдебиеттер қоры шоғырланған. Бұл қызметтер аса тиімді болып табылады, өйткені оқырмандарға көп оқу және ғылыми тапсырмаларды шешуге көмектеседі.

2017 жылы бесінші рет ғылыми кітапхана «Кітап. Уақыт. Қоғам» атты халықаралық ғылыми- практикалық конференция өткізіледі. Бүгінгі таңада Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхана – ақпараттық білім беру және кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіру, пайдаланушылардың мәдениетке еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету. Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхана – Қазақстанның жоғары оқу орындары кітапханаларының Ассоциациясының мүшесі.