Перейти к содержимому страницы.

Кітапхана ережесі

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті ғылыми кітапханасының бұл ережелері Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңына (2006 ж. 15.12-дегі № 207), Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының кітапханасын пайдаланудың болжалды ережелеріне және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары кәсіби білім беру ұйымдарының ғылыми кітапханасы туралы бірүлгі ережесіне (2000 ж. 17.08-дегі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің № 827 бұйрығы) сәйкес әзірленді.

Ереже университет оқырмандарына қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жалпы тәртібін, кітапхана мен оқырманның құқықтары мен міндеттерін реттейді.

Кітапхананы пайдаланудың жалпы ережелері

Ғылыми кітапхананы пайдалану құқығы университеттің профессор-оқытушылары құрамына, студенттерге, университет қызметкерлеріне беріледі.

Кітапханалық қызмет көрсетудің негізгі түрлері тегін беріледі.

Кітаптарды, басқа да баспа туындылары мен өзге материалдарды алған кезде, оқырмандар басылымдарды ұқыпты қарап шығады және қандай бір жетіспеушілікті аңғарған кезде ол туралы кезекші кітапханашыға хабарлайды, ондай болмаған жағдайда, соңғы рет басылымды пайдаланған оқырман кітаптың  бүлінгеніне жауапкершілікте болады. 

Пайдалану ережелерін бұзатын және кітапханаға залал келтіретін оқырмандар қолданыстағы заңнамамен, кітапхананы пайдалану ережелерімен және тәртібімен қарастырылған нысандарда әкімшілік, азаматтық-құқықтық (материалдық) немесе қылмыстық  жауапкершілікте болады.

Басылымның жоғалуы мен бүлінуіне жауапты оқырмандар оны мазмұны мен құны бойынша тең бағалы деп кітапхана санаған дәл сондай басылыммен немесе оның көшірмесімен ауыстырады.

Абонементті пайдалану ережелері

Абонементтен  әдебиеттер үйге мына мерзімдерге беріледі:

-        оқу және әдістемелік әдебиеттер белгіленген уақытта нақты басылымдарды көрсетумен міндетті түрде қайта тіркелумен тиісті пәндерді зерттеу мерзіміне беріледі;

-        аз даналы оқу әдебиеттері 10 күнге беріледі;

-        негізгі қордың бақылау даналары 1 тәуілікке ғана пайдалануға беріледі;

-        ғылыми және арнайы әдебиет бір айға 5 кітапқа дейін беріледі;

- көркем әдебиет 15 күнге 2-3 кітаптан беріледі.

Егер оқырмандар жағынан материалдарға ұсыныс болмаса, басылымдарды пайдалану мерзімі ұзартылуы мүмкін, ал егер басылым бір даналы немесе жоғары сұраныста болса, қысқартылуы мүмкін.

Тапшы, аз даналы басылымдарды беру мерзімдері нақты жағдайда кітапханамен белгіленеді және мұндай басылымдар кітапхананың бірінші талабы бойынша қайтарылады.

Абонементке әдебиеттерге тапсырыс жасау және алу кезінде оқырмандар оқырман билетін (сырттай оқитын студенттер - сынақ кітапшасын) ұсынады, оқырман құжатын толтырады.

Кітап беру әр басылымның кітап формулярында (мерзімі, тобы, оқырман билетінің нөмірі, тегі, қолы). Басылымды қайтарған кезде, оқырманның қолхаты беру мерзімін сызып тастаумен жойылады. Кітап формуляры оқырманға басылымды беру және кітапханашының қабылдау мерзімін,  фактіні куәландыратын құжат болып табылады.

Топтық сабақтарда пайдалануға арналған әдебиеттер абонементте оқытушының жазбаша талабы бойынша беріледі және топтағы кезекші студенттің қолхатымен рәсімделеді. Топтық сабақтарға берілген әдебиеттер үшін оқытушы жауапкершілікте болады.

Сырттай оқитын студенттер сессия мерзіміне қажетті әдебиеттермен қамтамасыз етіледі.

Оқу залдарын пайдалану ережелері

Оқу залдарынан кітаптарды беру бірыңғай студенттік билеттері, сырттай оқитын студенттерге сынақ кітапшасы бойынша жасалады.

Кітапты алған кезде әр басылымның кітап формулярында оқырман жазып ресімдейді.

Оқу залдарында берілетін кітаптардың, басқа да құжаттар мен материалдардың саны шектелмейді. Ұсыныстың біржолғы көтеріңкі кезінде кітаптардың саны шектеулі болуы мүмкін.

Оқу залдары әдебиеттерді залдан шығару құқығысыз пайдалануға береді.

Энциклопедиялар, анықтамалықтар, диссертациялар, ағымдағы мерзімді басылымдар, сирек кездесетін және құнды кітаптар мен басылымдар тек қана оқу залдарында жұмыс істеуге ғана беріледі. Үйге соңғы және жалғыз дана берілмейді

Оқу залдарына жеке және кітапхана кітаптарымен, журналдармен, газеттермен, баспа басылымдарының қиындыларымен және басқа баспа материалдарымен кіруге болмайды.

Оқу залынан әдебиетті кітапханашының арнайы рұқсатысыз шығаруға тыйым салынады. Бұл ережені бұзған кезде, оқырман 1 айға кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады.

Электронды қорлар залдарын пайдалану ережелері

Электронды тасымалдаушылардағы құжаттарды пайдалану электронды қорлар залында жүзеге  асырылады. Қызмет бірыңғай оқырман билеті, сырттай оқитын студенттерге - сынақ кітапшасы бойынша көрсетіледі.

«ПМПУ электронды кітапханасы» тек оқуға ғана пайдаланылады, қандай да құралдарға кез келген түрдегі көшіруге тыйым салынады

Электронды басылымдардың оқу залында компьютерлермен жұмыс істеуі әкімші арқылы жасалады.

Кітапхана оқырмандарына оқу және зерттеу нысанының ақпаратын іздеуге байланысты емес кез келген қызметтіне компьютерлерді пайдалануға болмайды.

Электронды қорлар залдарында жеке электронды басылымдармен жұмыс істеуге болмайды.

Тұтынушы электронды таратушыны немесе компьютердің шалғай құралдарын бүлдіргеніне материалдық жауапкершілікте болады.

Оқырманның құқықтары мен міндеттері

Оқырман:

- кітапхана көрсететін кітапханалық-ақпараттық қызметтің негізгі нысандарын тегін пайдалануға;

-   каталогтар мен картотека жүйесі, кітапханалық хабарландырудың басқа да нысандары арқылы кітапхана қорының құрамы туралы шынайы, толық ақпарат алуға;

- электронды каталогтың мәліметтерін, Интернет және өзге де ақпарат қызметтерін пайдалануға;   

- сапалы қызмет көрсету мен жақсы қарым-қатынасқа;

- ақпарат дереккөздерін іздеу және таңдауда консультациялық көмек алуға құқылы;

Оқырманға:

-   кітапханаға сыртқы киіммен кіруге;

-   оқу залдарына қолдорбалармен кіруге;

-   кітапхана бөлмелерінде тәртіп пен тыныштықты бұзуға;

-  әдебиетті алу үшін өз оқырман билетін басқа адамдарға беруге немесе басқа біреудің құжатын алуға;

-  құжатты ресімдемей кітапты кітапханадан шығаруға;

-  кітапханалық басылымдарды бүлдіруге (белгілер қою, астын сызу, парақтарын жырту, түбіртектерді бүгу, көшіргі қағаз және калькадан схемалар мен иллюстрацияларды айналдыра жиектеу);

-  карточкаларды каталогтар мен картотекалардан суырып алуға;

-    электронды деректер базасының, оның ішінде электронды каталогтың  тұтастығын бұзуға;

- қызмет бөлмелеріне және кітап қоймасына рұқсатысыз кіруге тыйым салынады.

Оқырмандар:

-     әдебиетті алу үшін оқырман билетін, сынақ кітапшасын ұсынуға, құжаттарды толтыруға және кітап формулярында әр басылымға қол қоюға;

-    кітаптарға, баспаның туындылары мен басқа да материалдарға және кітапханалық мүлікке ұқыпты қарауға, қажеттілігіне қарай кітапханаға тапсырудың алдында басылымға шағын жөндеу жасауға;

- бекітілген мерзімде басылымдарды кітапханаға қайтаруға;
- оқырман билетіне ұқыпты қарауға міндетті.

Кітапхананың құқықтары мен міндеттері

Кітапхана оқырмандарға Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің Ғылыми кітапханасы туралы ережеге және Ғылыми кітапхананы пайдалану ережесіне сәйкес қызмет көрсетеді.

Кітапхана:

-  кітапхананы пайдалану ережелерін бұзатын оқырмандарға әкімшілік ықпал шараларын қолдануға;

- кітапхана қорынан берілген кітаптарды, баспа туындылары мен басқа да материалдарды кітапханаға қайтаруға үнемі бақылау жасауға;

- ғылыми кітапхананы пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 1 айға кітапхананы пайдалану құқығынан айыруға;

Кітапхана:

- гуманизм, төзімділік, саяси және идеологиялық плюрализм, ақпаратқа кіру теңдігінің принциптерін басшылыққа алуға;

-    өз қызметінде партия және қоғамдық қозғалыстарға қатысты саяси бейтараптық сақтауға;

- оқырмандарға кітапхананың барлық қорларын пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуге, қажетті әдебиеттердің жетіспеушілігі кезінде кітапхана оқырманға қажетті оқу материалының көшірмесін жасау мүмкіндігін беру керек;

- кітапханада оқырмандардың жұмысы үшін қажетті жағдай жасап отыруға, барлық студенттер мен қызметкерлерді кітапханаға келтіру бойынша шаралар қолдануға;

- оқырмандарға барлық көрсетілетін қызметтер туралы хабарлауға;

-     қоры және көрсететін қызметтері туралы көпшілікке таратуға, кітапқа деген қызығушылықтарын дамытуға және мадақтауға;

-   оқырмандардың ұсыныстарын зерттеп, толығымен қанағаттандыруға;

-     кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіруге, жаңа технологиялар мен қызметтерді енгізуге;

-     тұтынушылардың ақпараттық мәдениеті және кітапханалық-библиографиялық білім негіздері бойынша ауызша консультацияларды, әңгімелер мен сабақтарды өткізу жолымен оқырмандардың ақпараттық мәдениетінің, кітапханалық-библиографиялық сауаттылығының дамуына көмектесуге;

-     бекітілген ережелерге сәйкес қордағы бар құжаттарды сақтауға, пайдалануға және есептеуге;

- ұлттық мәдени игіліктің бөлігі болып табылатын қорлардың сақталуына, оқырманға берілген кітаптың кітапханаға уақытында қайтарылуын бақылауға;

- пайдалану мерзімі өтіп кеткен бұрын берілген кітаптарды одан алудан кейін ғана оқырманға кітапты үйге беруге міндетті.

Кітапханадағы құжаттарға оқырмандардың кіру мүмкіндігін шектеуге болмайды.