Перейти к содержимому страницы.

IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН-СИМПОЗИУМ

07.02.2019

6 ақпан күні Шет тілдер кафедрасы Қазан федералды университетімен бірлесіп, «Тілдерді зерттеу және мәдениетаралық қарым-қатынас» тақырыбында IV Халықаралық онлайн-симпозиум өткізді. Симпозиумға Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Париж Жаңа Сорбоннаг университеті, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, В.Г. Тимирясов атындағы Қазан инновациялық университеті (ИЭУП), Набережные Челны қ., Қазан мемлекеттік ветеринарлық медицина академиясы және Казан федералды университеті (Халықаралық қатынастар институты) қатысты.

Симпозиумның мақсаты – қазіргі заманғы тіл білімінің дамуының жаңа бағыттары мен үрдістерін айқындау, ағылшын тілін оқытудың тиімді заманауи әдістерін оқу бағдарламасына енгізу, тілдердің әлемдік аренадағы рөлі, олардың дамуы, зерттелуі, өмір сүруі, жаһандану жағдайындағы тілдердің сақталу мәселесін көтерді.

Симпозиум жұмысы үш секцияда өтті: «Languages in focus», «Language policy» және «Strategies in ELT». Симпозиумға кафедра атынан Вафеев Равиль Айсаевич, Кенжетаева Гүлзира Кабаевна, Авазбакиева Флюра Рифхатовна, Төлегенов Темірлан Масхатұлы және Даурбеков Адам Мустафаевич қатысты. Сондай-ақ студенттер де тыңдаушы ретінде симпозиумға қатысуға мүмкіндік алды.

Адам ДАУРБЕКОВ, Гуманитарлық факультет 

">