Перейти к содержимому страницы.

II РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАРЫ

08.02.2019

Ағымдағы жылдың 24-25 қаңтар аралығында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Цифрлы Қазақстан жағдайында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін модернизациялау: өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары» атты II Республикалық педагогикалық оқулары өтті. Аталмыш іс-шара шеңберінде жоғары оқу орындарының арасында «Үздік оқу-әдістемелік кешені» (Үздік портфолио), «Үздік оқу құралы» (оқулық, оқу құралы) конкурстары өткізілді. Байқауға 300-ден астам қазақстандық мұғалімдер, оқытушылар, докторанттар, Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты.

5 сынып оқушысының жұмысы «Дождь зимой»

1 сынып оқушысының жұмысы «Пейзаж. Мост»

Педагогика кафедрасының аға оқытушысы, психология магистрі, Қырғызстанның Халықаралық университеті академиялық консорциумының докторанты Нурумов Бауыржан Аблаевичтің «Бейнелеу өнері. Орта мектептегі балалардың эстетикалық және көркемдік даму бағдарламасы» оқу құралы қазылар алқасы алдында II Республикалық байқаудың үздік оқу құралдарының бірі ретінде танылып, ұсынылған оқулықтар арасында II орынды иеленді. II Республикалық педагогикалық оқулары туралы толық ақпаратпен республикалық «Бiлімді Ел» қоғамдық-саяси газетінің № 4 (161) 01/29/2019 санындағы 3-бетінен таныса аласыз.

Сондай-ақ байқауды ұйымдастырушылар Педагогика кафедрасының ПМПУ оқытушысы Нурушова Айжан Бауыржанқызын «Үздік инновациялық жоба» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапаттады.

Осы жетістіктермен Бауыржан Нурумов пен Айжан Нурушованы шын жүректен құттықтай отыра,  шығармашылық табыстар мен үлкен жеңістер тілейміз!

 

 

">