Перейти к содержимому страницы.

2-ШІ ҚЫРКҮЙЕК КҮНІ ПМПУ-ДЕ БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ.

02.09.2019

Бүгін Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті өзгеше қарқын алған, жаңалыққа толы жаңа оқу жылын бастады. Оқу орнының бас ғимараты алдында ұйымдастырылған шараға университеттің оқытушы-профессорлық құрамы және оқуға қабылданған бірінші курс студенттері мен олардың ата-аналары қатысты.

rgdfgdfg

Салтанатты шараны Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бойынша проректоры Нығманов Мақсат Сейткенұлы құттықтау сөзбен ашып, бірінші курс студенттеріне білім жетілдіру жолында талмай ізденіп, үлкен табыстарға жетуіне тілек білдірді.

rgdrgdrg

- Құрметті студенттер, сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Біздің қара шаңырағымызда 4 жыл бойы білім нәрімен сусындап, келешекте қандай да бір саланың білікті маманы атануға тілектеспін. Біздің жоғарғы оқу орнымыз өткен жылғы рейтинг қорытындысына сәйкес түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша 130 оқу орны ішінде 4-ші сатыға тұрақтады. Бұл жоғары көрсеткіш. Сондықтан сіздердің барлықтарыңыз жұмыспен қамтыласыздар деуге толық негіз бар. Әрдайым сәт сапар, білім шыңынан көріне беріңіздер!, - деді Мақсат Нығманов.

Сондай-ақ академиялық сұрақтар жөніндегі проректор Игнатова Елена Васильевна да жаңа оқу жылымен құттықтап, биылғы жылы 1600 студент университет табалдырығын аттағандығын атап өтті.

segdg

Білімін ары қарай толықтырамын деушілерге магистратура мен докторантура да бар. Былтырғымен салыстырғанда оқу гранттары молайған.

Шара аясында мерекелік концерт ұйымдастырылып, көпшілік алдында күмбірлі күй шертіліп, жезтаңдай әншілердің орындауында әуезді ән айтылды.

egsdgd

drghdfh

rrghrhg

Оған қоса, бірінші курс студенттері Ертіс-Баян өңірінен шыққан ұлы тұлғалар және «Алаш» қозғалысының көрнекті өкілі, ағартушы, ұлағатты ұстаз Әбікей Сәтбаев бабаларымыздың ескерткішінің алдында ант қабылдады. 

Нұрбөпе ДОКТОРХАНҚЫЗЫ

">