Перейти к содержимому страницы.

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

29.08.2019

Құрметті әріптестер мен студенттер қауымы! Баршаларыңызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын!

       Үкімет жиынында ҚР Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Педагогтардың мәртебесі туралы» заң жобасын ұсынды. Аталмыш заң жобасын еліміздің барша ұстаздар қауымы зор қуанышпен қабылдады. Онда ұстаздардың шығармашылық еркіндігі мен құқықтық мәртебесі туралы, білім берудегі жаңа бағыт турасында баса айтылған. Бұл еліміздің білім беру саясатындағы үлкен қадам екені сөзсіз.

       Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті еліміздің мұғалімдер даярлайтын жоғары оқу орындарының бірі. Сондықтан, педагогика саласындағы бұл жаңалық біз үшін де, біздің даярлайтын болашақ мамандары үшін де үлкен қуанышты жағдай.

      Осындай жаңа бастамалармен бастау алған  жаңа оқу жылы баршамыз үшін табысты болсын! Ғылым жолындағы ізденістеріңіз жемісті болсын!

                         ПМПУ ректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор Алтынбек НУХҰЛЫ

">