Перейти к содержимому страницы.

ПМПУ ректоры «Мектепке жол» акциясына ат салысты.

22.08.2019

Жыл сайын Қазақстанда жаңа оқу жылының қарсаңында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын өткізу дәстүрге айналған. Шараның басты мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу.

uygut

Игі шараға ПМПУ ректоры, профессор, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты, химия ғылымдарының докторы, Алтынбек НУХҰЛЫ белсене ат салысып, көмекке мұқтаж болған көп балалы екі отбасыға көмек қолын созды. Олар төрт баланың анасы Айгүл Алимжанова мен 3 баласы бар және төртінші баласын күтіп отырған Саулехат Телеухан. Мойылды ауылында тұратын аз қамтылған Телеухандар отбасындағы мектеп жасына толған балаларына қаржылай және материалдық көмек көрсетті.

dsdfg

 

dsares

gfyf

Оқушыларға сөмке сыйлап, сөмкелерін  оқуға қажетті құралдармен толтырды. Сондай-ақ «Нуркай» дүкенінен керекті заттарын алу үшін сертификат үлестірілді. Сонымен қатар, балалар университетіміздегі Е.Бекмаханов атындағы кітапхана мен университет музейін аралады. Айта кетейік, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы қыркүйектің 30-на дейін жалғасады.

Нұрбөпе ДОКТОРХАНҚЫЗЫ

">