Перейти к содержимому страницы.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНА ПІКІРІ

02.09.2019

 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа ұсынылған Жолдауында жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі жан-жақты қолға алынғанына  байланысты ұсыныстарын  құптап отырмыз. Биылғы Жолдау – халқымыздың алдына қойылған тағы бір айқын жолдың көрінісі деп түсінеміз. Оның ішінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасына назар аударылғаны жоғары оқу орындарының түлектеріне берілген зор мүмкіндік деп есептейміз. Бұл бастама педагогикалық мамандық иелеріне әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жан-жақты жағдай туғызатыны сөзсіз.  Сондықтан ауылға жолдама алған жас мамандар өзінің кәсіби біліктілігін шыңдауға, жас ұрпақты тәрбиелеуге, үлгі-өнеге көрсетуге, барынша тәжірибе бөлісуге  мүмкіндік  алып отыр. Осы бағдарламаның нәтижесінде тынысы тарылған ауылдарымыз қайта жанданып, өрісі кеңіп, ондағы жас ұрпағымыздың білімі жан-жақты жетіліп, мектептерде жаңартылған білім беру үдерісі толығымен іске асатыны айқын. Бұл ауқымды іс - жастардың ауылдан жаппай кетуіне шек қойылудың бірден-бір жолы деп білеміз.

Педагогикалық факультетінің кафедра меңгерушілері: 

З.Е. Жумабаева, Б.М. Жапарова