Перейти к содержимому страницы.

Елбасының «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы

19.10.2018

Елбасының «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхана ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына «Шәкәрім мұрасы – таусылмас қазына» атты әдеби поэзиялық кеш ұйымдастырды. Кешті жүргізген ПМПУ студенттері Жиналған Аманболсын мен Исабекова Балнұр оқырмандарды Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір жолы мен шығармашылығымен таныстырды. Ақынның философиялық ойлары туралы бейнежазбасы мен «Еңлік-Кебек» поэмасынан үзінді көрсетілді. Сондай-ақ Несібелді Гүлнаурыз, Зұлпыхар Гүлнаурыз, Арайлым Оңғарбай, Айнұр Әлиакбар ақынның өлеңдері мен поэмаларын мәнерлеп оқыды.

Ғылыми кітапхана ұйымдастырған кеш өте тартымды, әсерлі болып өтті. Мизан Жұмәлі Абайдың классикалық шығармаларының бірі – «Сегіз аяқты» орындады  .

 

">