Перейти к содержимому страницы.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТТАРЫ

01.02.2019

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Мектепке дейінгі білім беру кафедрасының профессоры Сакенов Д.Ж. экологиялық тәрбие тақырыбы төңірегінде 5В010100 «Мектепке дейінгі білім беру» мамандығының студенттерімен әр қырлы кездесулер: дөңгелек үстел, пікірталас, экскурсиялар өткізді. Аталмыш кездесулер шеңберінде Павлодар облысының  қазіргі экологиялық өзгерістерінің түйткілді мәселелері талқыға салынып, облыс бойынша экологиялық өзгерістердің нақты қаупі қазіргі экологиялық ахуалдың маңыздылығын, қоршаған ортаға деген көзқарасты қайта өзгертудің тұрғысын көрсетеді. Осы мақсатта экологиялық тәрбиенің маңыздылығы жоғары. Экологиялық тәрбие – адамның экологиялық мәдениетін дамытуға бағытталған жүйелі педагогикалық қызмет пен әрекеттердің  жиынтығы болып табылады.

Студенттермен соңғы кездесу барысында қазіргі экологиялық тәрбие мәселесінде әрбір жеке тұлғаның табиғат әлеміне жанашырлығы, табиғи құндылықтарды бағалау мәселелері сөз болды.

 

">