Перейти к содержимому страницы.

«ЖАСЫЛ ЕЛ» АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ОТРЯДЫ

12.07.2019

2017 жылдан бастап Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ғалымдары мен студенттері Баянауыл ауданының ескерткіштері мен Торайғыр кешенінің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

 

ikjmo

2018 жылдан бастап осы нысанда «Жасыл Ел» археологиялық жасағы жұмыс істейді. Далалық жұмыстар барысында археологиялық жасағының сарбаздары қорғандар мен жерлеу қоршауларын зерттеу әдістемесімен танысады.

 

hvftgf

Археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуден басқа, «Жасыл Ел» жасағының сарбаздары Торайғыр көлінде ашық аспан астындағы археологиялық мұражайларды (тас тақтайларды орнату, нысанды жартылай қоршау және т.б.) құру кезіне белсенді түрде ат салысады.

 

tgftf

Торайғыр кешенінде ғылыми-практикалық зерттеулер барысында «Жасыл Ел» археологиялық жасағы ғылыми әрі тарихи құнды бірегей заттарды көріп қана қоймай, тарихқа бір табан жақындауға мүмкіндік алды. Біздің жасақшылар Баянауыл ауданының туристік кластерін дамыту үшін өз үлестерін қосуда.

Еңлік ӘБЕУОВА,

«Margulan Centre» негізіндегі «Рухани жаңғыру»

 ғылыми-практикалық орталығының директоры

 

">