Перейти к содержимому страницы.

«КҮНДЕЛІК» ААЖ-МЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ БОЙЫНША ЖОО ТҮЛЕКТЕРІНЕ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ

11.07.2019

         9-10 шілде күндері ПМПУ мен «Күнделік» ЖШС арасындағы педагогикалық білім саласында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде қосымша білім беру институты «Оқу үрдісін автоманттандыру және «Күнделік» ААЖ-ны қолдану» тақырыбында ЖОО түлектеріне семинар өткізді. 

fgerth

         Семинарға 90 студент қатысты. Шара барысында қосымша білім беру институтының әдіскері Раушан КАРИМОВА жүйеде жұмыс істеудің ерекшелігіне тоқталып, автоматтандырылған ақпараттық жүйенің артықшылықтары мен қызметтерін көрсетті. Студенттер әдіскермен бірге тәжірибелік тапсырмалар орындап, белсенді қатысты. Сондай-ақ, семинар кезінде қатысушылар сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.

fdadb

         Оқыту семинарының қорытындысында академиялық сұрақтар бойынша проректор Е.В.Игнатова студенттерге «Күнделік» ААЖ жұмыс істеу бойынша оқыту семинарынан өткені туралы сертификаттар табыстады.

Қосымша білім беру институты

 

">