Перейти к содержимому страницы.

Парламент сенатының депутаттары ПМПУ-да

23.10.2018

22 қазан күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетіне Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Депутаты, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академия Президенті, техника ғылымдарының докторы, профессор Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, «Тұран» университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Алшанов Рахман Алшанұлы және өзге де ғалымдар мен депутаттар Президент жолдауын халыққа түсіндіру мақсатында жұмыс сапарымен келді.

ПМПУ ұжымы университете фойесінде қонақтарды қарсы алды. Қонақтар әуелі Margulan centre ғылыми-археологиялық орталығының көрмесін тамашалады, археологиялық қазбалардың нәтижесінде табылған жәдігерлермен танысып, археологиялық жұмыстарға арналған пилотсыз ұшу аппаратының жұмысын көрді.  

Артынша қонақтарға «Киелі Қазақстан» туралы видеоролик көрсетіліп, «Биоценологиялық және экологиялық зерттеулер» ғылыми-практикалық орталығы экспозициясы ұсынылды. Сосын шай саңырауқұлақтарынан жасалған емдік-профилактикалық «Алтын Батыр» сусынынан қонақтар дәм татты.

- Биологиядан мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің тұсаукесері өтті. Сондай-ақ, қонақтарға студенттердің стартап жобаларымен таныстырылды. Олардың қатарында мынадай жобалар бар:

- «Fill letters» (3 тілдегі «Дене түйсігі арқылы сезіну әліпбиі»)

- «Art Кids» моноблоктың көмегімен инклюзивті білім беру.

- «НьюТон» (тілдік клуб),

- «Over world» (Қазақстанның интерактивті картасын жасаудың ІТ жобасы)

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде шыққан ПМПУ ғалымдарының еңбектері және кітап көрмелеріне шолу жасалып, былтыр жүзеге асқан Сұлтанбет сұлтан ордасы мен ПМПУ бас жобасын тамашалады. Одан соң профессорлық-оқытушылық құрам және студенттермен келелі кездесу өткізіліп, білім мен ғылым төңірегіндегі әр түрлі сұрақтарға жауап берілді

">