Перейти к содержимому страницы.

АТА ЗАҢ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!

29.08.2019

Құрметті жерлестер!

         Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Азат елдің ар намысы, ата-заңымыздың қабылданғанына бүгін тура 24 жыл. Егемен еліміздің басты құжаты, білігімізді бекемдеп, мемлекеттік құрылым мен ел тұтастығын бекітіп берді. 1995 жылы Қазақстан халқы референдумда қабылдаған Ата Заң ұлттық құқық жүйесінің бәсекеге қабілеттілігінің кепіліне айналып, елдің біртұтастығына бірнеше ұлт пен ұлыстың тату, бейбіт өмір сүруіне елеулі үлесін қосып келеді. Тиімді құқықтық жүйені орнықтыру арқылы біз экономикалық өсімге және қоғамның әл-ауқатының артуына қол жеткізіп, елімізде тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қалыптастырдық. Азаттықтың алтын арқауына айналған Ата Заң – халықтың қалауымен, тағдырдың тартуымен келген барлық істің алтын таразысы болатын негізгі құжат.

         Конституция – Қазақстан азаматтарының бостандығы мен құқықтарын, ар-ожданын, елдің тұтастығы мен бірлігінің кепілі. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, келісім мен бірлігіміз нығая берсін! Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Ата Заңымыз ғұмырлы, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

                                               ПМПУ ректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор Алтынбек НУХҰЛЫ

">