Перейти к содержимому страницы.

БРЮССЕЛЬ ҚАЛАСЫНДА ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ

10.01.2019

2018 жылдың 25 қараша мен 6 желтоқсан аралығында Тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының профессоры Г.Е. Өтепова Брюссель қаласындағы еркін университет базасында ғылыми тағылымдамадан өтті. Ұйымдастырушылар – Modern Education & Research Institute.

Біліктілікті арттыру бағдарламасы университеттің профессорлары үшін арнайы әзірленіп, «Профессор-оқытушылар құрамының кәсіби қызметін модернизациялау: құрал, дағды, мүмкіндіктер» атты бағдарлама бойынша 72 сағатқа созылды.

Тағылымдамадан өту кезінде тыңдаушыларға шетелдік профессорлар, ғалымдар мен жетекші мамандар сабақ берді.

Тағылымдама қатысушылары кейстерді қолданудың және сабақ беруде онлайн технологияларды пайдалануды Левен атындағы католиктік университетінің экономика және бизнес факультетінің профессоры, жаһандану, инновация және бәсекеге қабілеттілік мәселелерін зерттеу орталығының жетекшісі (Брюссель кампусы) «Қазіргі оқыту әдістемесі» оқулығының авторы Стейн Келшстхерманнан меңгерді.

Брюсселдегі еркін университетінің нейролингвистика профессоры Пит Ван де Кран өз сөзінде оқытудағы көптілділікке көшу үшін CLIL тәсілін қолдану туралы зерттеу нәтижелерін ұсынды.

Оксана Позднякова (қазіргі заманғы білім беру және зерттеу институтының даму және өзгерістер орталығының директоры) ұсынған дәріс курсына «Еуропалық Одақтың гранты», «Инновациялық оқыту әдістері», «Оқытушының бренді», «Онлайн сабақтар мен курстар жасау» «Білім беруді интернационализациялау: мұғалімдер үшін практикалық аспектілер» және т.б қызықты тақырыптарды қамтыды. Заманауи білім беру және ғылыми-зерттеу институтының директоры Екатерина Царанок сыни ойлау дағдыларын дамыту бойынша дәрістер оқыды.

Тағылымдама бағдарламасы шеңберінде Еуропалық парламент – Парламентариумға (әлемдегі ең интерактивті мұражай) және студенттік кампусқа саяхаттық сапарлар ұйымдастырылды. Сондай-ақ Бельгия Корольдік кітапханасының қолжазбалары мен сирек кездесетін кітаптарының мұрағаты да көрсетілді.

10 күнге созылған бағдарлама соңы «Педагогтың педагогикалық және ғылыми қызметін кәсібилендіру» атты халықаралық ғылыми конференциямен түйінделіп, онда барлық тағылымдамаға қатысушылар сөз сөйледі. Тәжірибе аяқталғаннан кейін салтанатты түрде қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 Қасымхан МҰХИТОВ, ПМПУ Баспасөз қызметі 

">