Перейти к содержимому страницы.

"БОЛАШАҚ ҒАЛЫМДАРЫ" АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ

30.05.2019

27 мамырда Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры – Елбасы қолдауымен ұйымдастырылған "Болашақ ғалымдары" атты республикалық байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

"Болашақ ғалымдары" жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық бағыттар бойынша ғылыми жұмыстар конкурсы 2008 жылдан бастап өткізіледі. Бұл елдің жас ғалымдарын анықтауға және қолдауға бағытталған Тұңғыш Президент қорының маңызды байқауларының бірі.

Биылғы жылы 231 ғылыми жұмыс ұсынылып, солардың арасынан 20 жас ғалымдардың жұмыстары үздік деп танылды. Соның бірі Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің 5В010500 – «Дефектология» мамандығының 3 курс студенті Калиева Жансая Тимурқызы. Жеңімпаздарға дипломдар мен медальдар табыс етілді.

">