Перейти к содержимому страницы.

БОКСТАН АШЫҚ ТУРНИР

30.11.2018

Қараша айының 30-ыншы жұлдызында Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күніне арналған бокстан IV ашық турнирі басталды. Оған Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен ауылдық аймақтардан жиналған спортшылар қатысты. Сондай-ақ турнирге Шығыс Қазақстан облысынан келген қонақтар да мықты дайындықтарын көрсетті.

Білектің күші мен қимылдың шапшаңдығына басқан бокс ерендері жанкүйерлерді  қызыққа қарықтырды. Дәл соққы үшін жан алысқан жастар мен тәжірибелі тәсіліне жүгінген бокс саңлақтары қос жұдырықты кезбе кез жұмсап, көрермендерді дүрліктірді. Арасында «Андрейлеп» жаны шыққан бапкердің даусы жарыстың демін күшейтті.  

Жарыстың алғашқы күні 6 жұпты құрады: 64 келі салмақ дәрежесінде Драган Евгений мен Өтегенов Мақсат, 69 келі салмақта Кеңес Бекзат, Нұртаза Сабыржан болса, 75 келі салмақта Семенчук Алексей мен Нұрмұхамет Құрманбек бірінші күннің жеңімпаздары атанды. Финалдық кездесу желтоқсанның 2-сінде өтпек.  

Қасымхан МҰХИТОВ, ПМПУ Баспасөз қызметі

  

">