Перейти к содержимому страницы.

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

01.06.2019

1 - маусым балаларды қорғау күні. Осы атаулы күнге орай ПМПУ «Кәсіптік оқыту» мамандығының 2-курс студенттері мамандандырылған Мичурин балалар үйіне барып қайтты.

Шара барысында мекеме тәрбиеленушілеріне технология сабағы кезінде өз қолдарымен жасаған тоқыма материалдарын сыйға тартты. Сыйлықтар қатарында ойыншықтар сияқты өзге де қолөнер бұйымдары бар.

Студенттер бұл мекемеге өткен жылы да барып, тәрбиеленушілерді қуантып қайтты.

Осылайша екіжақты жылы байланыс күннен күнге артуда. Балалар студенттердің қолынан сыйлық алып қуанышқа бөленсе, студенттер өз қолдарымен жасаған бұйымдардың жасөспірімдерге қуаныш сыйлағанын үлкен жетістікке балауда.

Жанасыл СЕРІКБОЛ

">