Перейти к содержимому страницы.

БІЛІМНІҢ БИІК ШЫҢЫ

23.04.2019

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің  «География және химия» кафедрасының студенттері Мамырбаев Секен мен Каирбеков Серик Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 2019 жылдың 18-19 сәуірінде өткен 5В011600 - «География» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы ХІ Республикалық пән олимпиадасында командалық ІІ орынды иеленді.

Серик пен Секенді аталмыш жеңістерімен құттықтай отырып, алар асулары мен бағындырар географиялық белестерінің көп болуына тілектеспіз.

Кафедрамыздың білімді де, білікті студенттерін жеңіске жетелей білген оқытушыларымыз Омаров М.К мен Сержан М.Е алғыс білдіреміз!

Эльмира ТУЛЕУБАЕВА, география және химия кафедрасының лаборанты

">