Перейти к содержимому страницы.

АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ

25.04.2019

Биылғы жылы алғаш рет қалалық деңгейде екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 74 жылдығына арналған ардагерлердің бастауыш ұйымдары арасында спорт күні өтті. Оған әрқайсысы 10-12 адамнан тұратын 25 команда қатысты. Іс-шараны қалалық ардагерлер ұйымы ұйымдастырған. Жарыс бірнеше бағытта өтті: шахмат, жүзу, допты торға салу және 50 метр қашықтықты құрайтын эстафета  сынды командалық сайыс түрлері бойынша сынға түсті.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ардагерлерінің атынан ардагерлер кеңесінің төрағасы, команданың капитаны Мадина Шәріпқызы Ибраеваның бастауымен 1 команда қатысты. Дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі Татьяна Денисовна екі аптадан астам уақыт бойы спортшыларды дайындады. Спартакиада қортындысы бойынша ПМПУ құрамасы командалық жарыста 3 орынды иеленіп, Дене шынықтыру және спорт басқармасының кубогымен марапатталды. Ал жекелеген қорытынды бойынша Поршуков Федор Иванович - жүзу бойынша 1-ші орын; Сыздықов Аманғазы Аушахметұлы және Твердохлебова Людмила Васильевна – допты торға лақтыру сайысында 2-ші орын; Шапкенова Жұмабике, Дәндібаева Қадиша, Шмыгун Николай – эстафета бойынша 2-ші орын; Авазбакиев Ривхат Анатольевич және Шоманова Жанат Қайроллақызы - шахмат бойынша сертификаттарға иелік етті.

 

Спорттық іс-шаралардан өзге тәтті шай және би кеші ұйымдастырылды. ПМПУ ардагерлер кеңесі Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Мақсат Сейіткенұлы Нығмановқа және тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім меңгерушісі Ғабдуллина Мадина Ахметжанқызына алғыс білдіреді.

Асылжан ЖЕҢІС

">