Перейти к содержимому страницы.

АРҚАДА ӘН ТЕРБЕГЕН ЕСТАЙ АҚЫН

15.11.2018

ПМПУ Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханада «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, әнші-композитор, акын, дарынды қазақ сазгері Естай Беркімбайұлының 150 жылдығына орай «Арқада ән тербеген Естай ақын» атты әдеби-сазды кеш өткізді.

Рухани кештің қонағы «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тілшісі – Фархат Қайратұлы Әміренов студенттерге Естай Беркімбаевтың шығармашылығы туралы қысқаша мағлұмат берді.

ҒК директоры Р. Игібаева:  «Естай Беркімбаевтың әндерін жазып алып, жинақтауда көп еңбек сіңірген зерттеушілердің бірі – Б.Г.Ерзакович екенін және ол халық композиторының өз орындауында әндерін нотаға түсіріп, өміріне байланысты деректерді жазған».  

Кеш барысында Естай Беркімбаевтың туралы бейнебаян көрсетіліп, кітапхананың белсенді оқырмандары А.Қайыр, Д.Ақынбай, М.Балташов, А.Айтбаева, Естайдын «Майда қоңыр», «Наз қоңыр», «Бір мысқал» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Естай Беркімбайұлы – ақын ғана емес, белгілі сазгер. Оның есімін аңызға айналдырған, дүйім жұрт  сүйсіне тыңдайтын Естайдың әсем әндерін «Жай қоңыр» – Талант Қаден, «Құсни-Қорлан» – Ансат Топанов, «Наз қоңыр» – Айымжан Шарапиденова сияқты жезтаңдай студенттер тебірене шырқады. ПМПУ студенттері Пернебек Мейір мен Жиналған Аманболсын «Естай-Қорлан» поэмасынан үзіндіні көрсетті және  колледж студенті Жұмабай Байұрсын «Қоштасу» әнін орындады.

Салтанатты жиынға ПМПУ ұстаздары мен студентері белсене қатысты.

">