Перейти к содержимому страницы.

Алғашқы курс студенттерімен жұмыс

21.09.2018

Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхана еріктілер қозғалысының «ПМПУ студенттері балаларға үйретеді» жобасы бойынша алғашқы курс студенттерімен оқу семинарын өткізді. Семинарда Павлодар облысының волонтёрлік орталығының жетекшісі Ғабит Хафиз «Павлодар облысының еріктілер қозғалысының даму тәжірибесі» тақырыбында лекция жүргізді.

«Осымен биыл сегіз жыл бойы, аталған жоба аясында біз жұмыс істеуді жалғастырып жатырмыз», - дейді ПМПУ ғылыми кітапханасының техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Гүлнәр Төлебаева. 

75-тен астам болашақ еріктілер, айрықша білім беруді қажет ететін балалармен етене жақындасып, оларға кітаппен дос болуды үйретуге дайын екендіктерін айтты. Бақытгүл Сапарбекова мен Александра Рябкова сияқты тәжірибелі мамандар балалармен жұмыс жасаудағы өз көрген-түйгендерімен бөлісті. Студенттер, өткен жылғы волонтёрлік қозғалыстың жұмыстарымен танысты. Әрмен қарай бірінші курс еріктілері кітап оқу мен оның мазмұнын талдау бойынша әр түрлі педагогикалық шараларға ат салысатын болады. Студенттерге қажетті материалдар сол жерде таратылып та берілді. 

 

">