Перейти к содержимому страницы.

АЙДАНА САРЫБАЙ АЗИЯ КУБОГЫН ИЕЛЕНДІ

08.11.2018

ПМПУ-дың студенті Айдана Сарыбай көркем гимнастикадан Азия Кубогын иеленді. Айдана Монғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен сайыста 3 бірдей алтын медаль иеленді.

Әуелі ұршықпен жаттығу түрі бойынша 14250 ұпай жинап алтын медаль иеленді. Ленталы жаттығуда 14400 ұпай көрсеткішімен қарсыластарынан оқ бойы озық шыққан. 

Шеңбермен жаттығу түрінде де шеберлігі асып алтыннан алқа тағынды.

Көркем гимнастикадан Азия Кубогы үшін өткен бұл сайысқа 100-ден астам спортшы жиналған. Үндістан, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Таиланд сияқты 11 елдің гимнастика шеберлері төрелік етті.

">