Перейти к содержимому страницы.

7 МАМЫР - ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

03.05.2019

7-мамыр - Отан қорғаушылар күні. Осыған орай, бүгін Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің нәзік жандылары аталмыш оқу ордасының ер азаматтарын келе жатқан мерекемен құттықтады. 

Облыс орталығындағы «Шаңырақ» концерт залында университет өнерпаздары концерт дайындап, ұжымның бірлігін, ынтымағын көрсете білді. Болашақ ұстаздарды тәрбиелеп отырған білім ордасы өнердің қай саласынан да кенде қалған емес.

Отан қорғаушылар күніне арналғандықтан концерттің көрермені ер-азаматтар болып, сахнада тек қана нәзікжандылар би билеп, ән салып, өз өнерлерін ортаға салды. Әскери форма киінген әйелдер қауымы патриоттық әндер шырқап, мың бұрала би билеп өздерін әр қырынан көрсете білді. Концерттік бағдарлама көңілден шығып, соңы керемет биге ұласты. Мерекелеріңізбен, ер-азаматтар!

Гүлжанат ИМАНҒАЗЫ,  Қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры

 

">