Перейти к содержимому страницы.

ӘЙГІЛІ АҒАРТУШЫ-ПЕДАГОГ ӘБІКЕЙ СӘТБАЕВҚА МЕМОРИАЛДЫ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

24.07.2019

Қазақ тарихындағы белгілі ағартушы, педагог, қазақ даласында ашылған тұңғыш педагогикалық техникумның алғашқы директоры Әбікей Зейінұлы Сәтбаевтың құрметіне мемориалды тақта орнатылды. Әбікей Сәтбаев бар ғұмырын ұстаздық жолға сарп еткен қайраткерлердің бірі. 1881 жылы Баянауыл ауданы Теңдік ауылы маңындағы Айырық елді мекенінде дүниеге келген.

 

drsgdhh

 

Ол 28 жасында Павлодар қазақ-орыс училищесінде орыс тілі мен әдебиеті, тарих, география сияқты пәндерден сабақ берген. Бір жыл өткен соң аталмыш училищеде алты жыл басшылық қызмет атқарды. Әбікей Зейінұлының басшылығымен жиырмасыншы ғасырдың басында жер-жерде сауатсыздықты жою шаралары қарқынды атқарылды. Бір жылдың ішінде әр түрлі ауылдың үш жарым мың ұлы мен қызын сауаттандырып, білім берген. Ол бар білімі мен тәжірибесін, күш-жігерін жаңадан ашылған білім беру ордаларының жаңаша түрленуіне арнады.

 

;lojkmjnb

 

Оның алдынан Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов және Әлкей Марғұлан сияқты ғұламалар тәлім алды. 1962 жылы Принстон университетінің анкетасына жауап берген академик Қаныш Сәтбаев «Менің білім алуыма зор септігін тигізген қарт интеллигент Әбікей Зейінұлына өзімді ғұмыр бойы қарыздар есептеймін» деп атап өткен. Ағартушы-педагог 1938 жылы жазықсыз жаламен ату жазасына кесілді.

Мемориалды тақтаның салтанатты ашылу шарасына Павлодар қаласы әкімдігінің және зиялы қауым өкілдері, ПМПУ ректоры Алтынбек НУХҰЛЫ, ағартушының немересі Дәнел Әлкейқызы МАРҒҰЛАН және де «Ұлы дала тарихы мен мәдениеті» экспедициясына арнайы келген ЮНЕСКО ғалымдары қатысты.

">