Перейти к содержимому страницы.

ҰЖЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ДЕМАЛЫСЫ

04.02.2019

Университет қызметкелері арасындағы «Сергектік мен денсаулық» спартакиадасынан кейін, кафедра оқытушыларына спортпен шұғылдануға тағы бір мүмкіндік туды. Қысқы демалыстың соңғы күндерінде Дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі Т.Д. Командик кафедра оқытушылары: А.А.Белус, Р.С.Афанасьева, В.А.Сексенов, А.Ходотчукпен бірге «Зеленая роща» шаңғы базасында университет ұжымына белсенді демалыс өткізді. 

Демалушылар өзара арқан тарту, футбол, «батуттарда» сырғанау, шаңғы тебу жарыстарын өткізді. Ауа райы да сол күні қолайлы болды.

Әр сенбі сайын «Зеленая роща» шаңғы базасында ПМПУ ұжымының қызметкерлері тегін спорттық инвентарь алып, сырғанауға мүмкіндіктері бар. Бұны Дене тәрбиесі кафедрасы арнайы университет ұжымына арнап ұйымдастырып отыр.

Татьяна КОМАНДИК, Дене тәрбиесі кафедрасы

">