Перейти к содержимому страницы.

ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ ОРАЙ «ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНДЕРІ» ФЕСТИВАЛЬІ ӨТТІ

30.11.2018

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні. Бұл мерекеге орай ПМПУ-дың тәрбие бөлімі мен студенттік филармониясы бірлесіп, «Елбасының сүйікті әндері» фестивальін өткізді. Шара мақсаты – жастардың патриоттық сезімін шыңдап, туған елге деген сүйіспеншіліктерін, Қазақстан Республикасына деген патриоттық сезімдерін нығайту.

Фестиваль барысында студенттерді, жастарды отан сүйгіштік пен патриоттық бағытқа жетелейтін әндер орындалды. Сондай-ақ, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған әндер де сахнада шырқалды.  12 мәжіліс залында жиналған студенттерге «Үш қоңыр»,  «Гүлстан Қазақстан», «Туған жер» сияқты әндерді құйқылжыта орындады.

Фестиваль барысында жиналған көрермендерге Елбасының өмірбаянынан сұрақтар қойып, дұрыс жауап берген студенттерге сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ фестивальде өнер көрсеткен әншілерге де дипломдар мен сыйлықтар берілді.

">