Перейти к содержимому страницы.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ ШОЛПАН БАЙҒАЛИНАМЕН КЕЗДЕСУ

11.10.2018

Е. Бекмаханов атындағы кітапхананың ұйытқы болуымен Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының 1 курс студенттері керекулік қоғам қайраткері, бірнеше кітаптың авторы, айтыс ақшолпаны, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Шолпан Байғалинамен кездесу өткізді.

Ақын қыз 1948 жылы 20 тамызда Павлодар облысының Ақтоғай ауданында (бұрынғы Краснокутск) Жаңатап ауылында туған. Әкесі Байғалы – айтыскер ақын ретінде Қарқаралы, Ерейментау, Баянауыл, Ертіс өңірін аралаған. Бақсылығымен «Көк биелі Байғалы» деген атпен ел есінде сақталған. Шолпан Байғалықызы еңбек жолын "Қызыл ту" , қазіргі "Сарыарқа самалы" газетінен бастаған. Кейін облыстық мәслихатта, баспасөз қызметінде, облыстық тілдерді дамыту департаментінде, тағы сол сияқты мемлекеттік қызметтерде жүріп, газет-журнал жұмыстарына араласты. ИнЕУ-де журналистерге дәріс оқыды. Бұдан бөлек облыстық «Ақ жаулық» газетінің редакторы қызметін атқарып, артынша «Айбар», «Ертіс-Бизнес», «Айбат» газеттерін шығарды.

Ордалы оқу орнының студенттері павлодарлық ақынды 70 жас мерейтойымен құттықтап, мәнді де мағыналы шығармашылық концерт ұйымдастырды.  Мерекелік іс-шара жас өрендердің өлеңімен басталса, ақын апамыз да құр алақан келмегенін көрсетіп, өз шығармашылығынан шашу шашты, өлең сүйер қауымды түрлі сезімге бөледі. 

 


Ашық әңгіме, жас ақындардың арнауы және суырып салма айтыспен 2 сағаттың қалай өткенін білмей қалдық. Жиын соңында Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхана директорының орынбасары Төлеубаева Қарлығаш Көбетайқызы мерейтой иесін құттықтап, сыйлығы мен әдемі гүл шоқтарын сыйлады. Ізгі тілегін айтып шығармашылығына табыс тіледі. 

">