Перейти к содержимому страницы.

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚОБЛАНБЕК ҚОЖИНМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

29.11.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетің студенттері Павлодар қаласы мәслихатының депутаты Қобланбек Қожинмен кездесу өткізді. ПМПУ-дың тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Нығманов Мақсат Сейткенұлы құттықтау сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталды. Кездесудің шарасы: «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің экономиканы модернизациялаудағы рөлі» тақырыбында өтті. Құрметті қонақ студенттерге Ұлт Көшбасшысының Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамытудағы ерен еңбегі туралы кеңінен айтты. Павлодар қаласы мәслихатының депутаты өз сөзінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының қоғам дамуындағы маңызды рөлін атап өтті. Сондай-ақ, осы іс-шара аясында қонақтар Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханадан  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы  Н.Ә.Назарбаев туралы кітап көрмесін тамашалауға мүмкіндік алды.

 

 
">