Перейти к содержимому страницы.

ҚАЗАҚСТАН – ОРТАҚ ҮЙІМІЗ

05.12.2018

Гуманитарлық факультеттің шет тілдері кафедрасы ҚР тұңғыш Президенті күніне орай «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты мерекелік шарасын өткізді. Мақсат – жас ұрпақ санасына қазақстандық патриотизмнің қалыптасуына ықпал етіп, ұлттар достығын, еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты насихаттау. Жалпы, ұлттар достығы мен Қазақстан халықтарының бірлігін насихаттау Гуманитарлық факультет ұйымдастыратын іс-шаралар легінің негізгі бағыттарының бірі.  

Факультет бұл шараны «Достық» үйімен бірлесіп жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдырған. Бұл жолы Ассамблеядан татар-башқұр этномәдени орталығы келіп, өздерінің дәстүрлі өнерлері мен салттарын көрсетті.

Шара барысында өзге де оннан астам ұлт өкілдері ән айтып, би билеп фестивальдің көркін кіргізді. Шараның беташар рәсімі қазақтың «шашу» салтымен басталды. Гуманитарлық факультеттің деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақылбек Сатыбалдин іс-шараға сәттілік тілеп, бұндай іс-шараның маңыздылығына айрықша тоқталды.

">