Перейти к содержимому страницы.

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС. ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

28.12.2018

Желтоқсан айының 27-сі күні университет басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамының қатысуымен Ғылыми кеңес өтті. Отырыс барысында 2018 жылдың қорытындылары жасалып, алдағы университеттің жоспарлары мен мақсаттары талқыға салынды. Ағымдағы жылғы ПМПУ жетістіктері туралы шағын бейнеролик көрсетіліп, маңызды жаңалықтары мен өзгерістері аталды.

Жыл нәтижесі бойынша ПМПУ базасында докторантура, магистратура, колледж бен «Foundation» дайындық орталығы ашылып, институционалды және мамандандырылған аккредиттеу орталығының 9 білім беру бағдарламаларының лицензиясына ие болған. Қазақстан Республикасының ЖОО-ларының жалпы рейтингісінде үздік ондықтың қатарына ілікті. Биылғы жылы бітірген 400 түлектің 270-і қызыл дипломмен, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» – «Серпін-2050» бағдарламасының алғашқы түлектері оқуларын тәмамдады.  

Президентіміздің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мұса Шорманұлының 200 жылдығы тойланып, мавзолей орнатылды. Түркия елінде Естай Беркімбайұлының 150 жылдығына үлкен конференция ұйымдастырылып, Павлодар қаласынан арнайы делегация барып қайтты. Бұл шараларда ПМПУ ректоры Алтынбек Нухұлының зор еңбегін атап өткен жөн.

Ал университетімізде АҚШ-тың Regional English Language Office жетекшісі Тимоти Коллинз бен Франция елшісі Филипп Мартинэ сынды дипломатиялық тұлғаларбен келелі кездесу өтті. Бұл ПМПУ студенттері үшін ерекше оқиғалардың бірі. Мәдени шаралар да шет қалған жоқ. Елімізге белгілі эстрада жұлдызы Сәкен Майғазиев сынды жұлдыздармен ашық әңгіме түріндегі сұхбаттасулар да биылғы жылы молынан болды.

Университет ішінде StartUp центр, бизнес-инкубатор, студенттік қызмет көрсету орталығы, B2B кабинеттерінің  ашылуы болды. Бұдан бөлек, Р.Нұртазина, Г. Қапенов оқу кабинеттері студенттер мен оқытушылар қолданысына тапсырылды. Алдағы уақытта 750 орынға шақталған жаңа жатақхананың салынуы да жоспарлануда.

Сонымен қатар Ғылыми кеңес аясында жаңа проректор тағайындалуы туралы шешім қабылданды. Академиялық сұрақтар жөніндегі проректор лауазымына ректор кеңесшісі міндетін атқарған Игнатова Елена Васильевна тағайындалды. ЖОО-дан кейінгі білім факультетінің жаңа деканы болып Каирова Меруерт Қалиқызы сайланды.

Қасымхан МҰХИТОВ, ПМПУ Баспасөз қызметі

 

">