Перейти к содержимому страницы.

ҒЫЛЫМ ШЫРАҒЫН ЖАҚҚАН

30.01.2019

30 қаңтар күні Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхана Қ.О.Базарбековтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Өнегелі тұлғалар» топтамасының «След на земле» атты кітабының тұсаукесері өтті. Кітаптың басты қаһарманы – ғылым мен білім жолында аянбай тер төгіп, 18 жыл бойы факультет деканының қызметін атқарған, биология ғылымдарының докторы, профессор Қайырбай Уразамбекұлына арналған.

Шараға зиялы қауым өкілдері: ғалымдар, ЖОО қызметкерлері, оқытушылар және университет студенттері қатысты. Тұсаукесер салтанатын Жаратылыстану факультетінің деканы, биология ғылымдарының кандидаты, профессор Болат Зұлқарнайұлы Жұмаділов өткізді. Сондай-ақ шараға қатысқан С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың Жаратылыстану және химиялық технологиялар факультетінің деканы Қанат Ахметов, ПМПУ профессорлары Л.Н.Сиромаха және О.С.Ачкиназде жарқын ұстаз жайлы өз естеліктерімен бөлісті. 

Салтанатты шара рәсіміне кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған Қ.О. Базарбековтің өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, ғылыми еңбектері қойылды. 

Қасымхан МҰХИТОВ, ПМПУ Баспасөз қызметі

">