Перейти к содержимому страницы.

«ЖАС БАРЫС» ТУРНИРІ

25.10.2019

 

ПМПУ-да қазақ күресінен облыстық «Жас барыс» турнирі өтті. Сайыста өңірдің мектептері мен коллледждері, ЖОО-ларынан 280-ге жуық жас балуандар бақ сынады. Жарыс бес салмақ дәрежесі бойынша өтті.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің балуандары абыроймен өнер көрсетіп, жеңіс тұғырларынан көрінді. Атап айтар болсақ, 55 кг салмақ дәрежесі бойынша Бауыржан Әлімбаев пен 66 кг белдескен Сапи Сәлімбаба үшінші орын иеленді, ал, 100 кг салмақта белдескен Нұржан Айтқалиев екінші орын, сондай-ақ, Дидар Туматкен (78 кг), Темірғали Құдайбергенов (82 кг), Дәурен Закареев (100 кг) бірінші орынды иеленді.

Жеңіс тұғырынан орын алған балуандар қараша айында елордада өтетін Республкалық турнирде белдеседі.

borba

 

 

">