Перейти к содержимому страницы.

«ЖАРҚЫН ЖОЛ»

06.05.2019

5 мамыр күні Алматы қаласында Республикалық "Жарқын жол" атты жастар шығармашылық конкурсы өтті.

Байқауға университетіміздің атынан қатысқан Студенттік филармонияның  "Домбыра" үйірмесі тәрбиеленушілері бас жүлде иеленді.

 

Айта кететін жайт, байқауға шет тілі мамандығында оқитын студенттер қатысты. Биыл қолдарына алғаш рет домбыра алып үйреніп бастаған. Олар конкурста Дина Нұрпейсованың "Науи" күйін ойнап қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

 

Аз уақыт ішінде үлкен жетістікке қол жеткізген үйірме жетекшісі Салтанат Рысбекқызына алғыс білдіре отыра шығармашылық толағай табыстар тілейміз. "Ұлы Жеңіс"  мейрамы қарсаңындағы жеңіс құтты болсын ПМПУ.

Оразбек БАҚЫТХАН

">